Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ДІН ТУРАЛЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

...

Дін туралы заң – бүгінгі таңда еліміздің әрбір азаматы үшін өте өзекті мәселе. Сондықтан діннің еліміздегі ахуалы туралы қоғамдық ой бағамдау, пікір топшылаумен бірге, нақты мемлекеттік заң актілеріне өзгерістер енгізіліп, зерттеу-талдау жасалып, бағдарламалық құжаттар әзірленуі – жөні бар қадам. 

Қазақ елі – өзінің сан ғасырлық ізгі мұратын, Аллаға шүкір, осы ширек ғасыр ішінде жер әлемге әйгілеп, дербес, тәуелсіз ел ретінде діні мен дәстүрін, тілі мен ділін дамытып, өз алдына тіккен күмбезді шаңырағы бар мемлекетке айналып үлгерді.

Ат төбеліндей қазақ ұлтының өз алдына дербес мемлекет болу, мемлекеттігін сақтау, қорғау идеясынан ешқашан көз жазбаған. Бүгінімізде, болашағымызда солай болуға тиіс.  Бұл табан аудармайтын ұлы мұрат, үлкен әлеуетіміз. Өзгерістер енгізіліп, қабылданғалы отырған дін туралы заң соның бір айғағы. Дін – адам болмысының сұранысы, қоғамдық әрі рухани қажеттілік. Бұл дін туралы заңның қадау-қадау тұстары бүгінгі болмысымызда, қоғамымызда орын алып отырған әрі сәрі жағдайға алаңдаушылық білдіріп қана қою емес, оның шешімін тауып, реттелуіне бағытталған шара деуге болады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында дінді кері мақсатта пайдаланудың алдын алу, теріс діни идеологияның таралу жолдарын шектеу мәселелері қамтылған. Сондықтан бұл заң жобасы қоғамдағы тұрақтылық пен діни келісімді қалыптастыруға өз үлесін қосады деп айтуға болады.

Ал біздің дініміз отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақтың шайқалмауын көздейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде:

«Рұқсат етілген істердің ішіндегі Алла Тағалаға ең сүйкімсізі – талақ», -деп шаңырақты бұзбауға шақырған екен.


Келулердің саны: 1143

Жаңалықтар таспасы rss
01.04.2020

«БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ»

...

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ» облыстық бейнецитата акциясының   ЕРЕЖЕСІ Тұжырымдамалық…

Толық

03.03.2020

«Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ...» атты көгілдір от кеші өтті.

...

Бүгінде құшақ-құшақ гүл мен сырлы сезімге толы 8 наурыз атты мерейлі мерекенің түбінде нәзік жанды қауымның өз үні мен еселі еңбегі,…

Толық

27.02.2020

«Абаймен келел білімге»

...

27 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектеп оқушылары және «Жансусар»…

Толық

26.02.2020

«Алғыс айту-асыл қасиет» атты әдеби викторина өткізді.

...

26 ақпан күні алғыс айту күніне орай кітапхана қызметкерлерінен құрылған Еріктілер тобы Ы.Алтынсарин мектебіне қарасы мектеп жанындағы…

Толық

14.02.2020

«Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

14 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысындағы…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif