Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.

...

4 ақпан күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты: жастарға кітап оқуды насихаттау, жаңадан келіп түскен кітаптармен ашық түрде таныстыру, кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапхана ішіндегі бөлімдермен таныстыру, бөлімдердің атқаратын жұмыстарын түсіндіру, «Жансусар» клубымен таныстыру, клуб мүшелерін қабылдау.

Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, оқырмандар мен қызметкерлер шақырылды. Аталған іс-шараны кітапханашы А.Н.Медеубекова жүргізді.

Ашық есік күні кітапхана директоры М.С. Нурпеисованың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында кітапхананың әр бөліміне саяхат жүргізілді, бөлім меңгерушілері өз бөлімдерімен, жұмыстарымен таныстырды. Оқырандар бөлімінің меңгерушісі Исатаева Айгүл оқырман қонақтарымызды коворкинг орталығымен таныстырып, кітапханашы Аубакирова Анар  тұрақты және атаулы күндерге құрылған кітап көрмелеріне шолу жасап, еріктілер жылына жасалған бұрышпен және де «#12 айда, 12 жақсылық» атты хештегпен таныстырып өтті. Әр жылдарда кітапханада өткен іс-шаралардан слайд жасалып, экраннан көрсетілді.  Оқырмандар құрметіне кітапхана жұмыскері Молдабеков Думан ән шырқады. 2016 жылдан бастап кітапханамызда жұмыс атқарып келе жатқан «Жансусар» клубымен кітапханашы Ермекбаева Гүлнұр таныстырды. 2020 жылы кітапханамызға жаңадан келіп түскен әр түрлі жанрдағы әдебиеттер таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шарамыздың соңында Төселбаев Тілеухан атамыз, Амандыкова Жазира, Бегелдинов Ғанибет сынды тұрақты оқырмандарымыз сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Шара қызықты да тартымды болып өтті.

 

 

 


Келулердің саны: 247

Жаңалықтар таспасы rss
14.02.2020

«Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

14 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысындағы…

Толық

06.02.2020

«Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар кеші өткізілді.

...

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні аудандық орталық кітапханада ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175…

Толық

04.02.2020

«Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.

...

4 ақпан күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.…

Толық

27.01.2020

«Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт кеші өткізілді.

...

 23 қаңтар күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Еріктілер жылына орай «Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт…

Толық

11.12.2019

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

...

11 желтоқсан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif