Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ...» атты көгілдір от кеші өтті.

...

Бүгінде құшақ-құшақ гүл мен сырлы сезімге толы 8 наурыз атты мерейлі мерекенің түбінде нәзік жанды қауымның өз үні мен еселі еңбегі, қайсарлығы мен қажырлы күресі жатыр. Әсілі, әйелдер қауымы әу бастан ер адамнан бір саты төмен жаратылған деседі. Оған сан-саққа жүгірген аңыз бен қатталған қалың тарих куә. Қазақстанда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні ретінде мерекеленіп, бұл күні аналар мен арулар ыстық лебізге кенеліп, көктеммен бірге құлпыра түседі. Осындай көктем мерекесіне орай  Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  «Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ...» атты көгілдір от кеші өтті. Көгілдір от кешіне арнайы ауылымыздағы көп балалы аналармен бірге кітапхананың тұрақты  оқырман аналарымыз қатысты.
Мерекелік шараны  кітапхананың өнерпаз  қызметкерлері Жолдыбекова Динамен Ермекбаева Гүлнұр жүргізді.  Іс- шара барысында аудандық орталық кітапхананың директоры Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызы келген қонақтарды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің ізгі тілегімен аналарымызға естелік ретінде сый-сияпат табыстады. Мерекелік кешімізде аяулы, асыл аналарымыз ақ тілектерін білдірді. Мерекеге орай дайындаған Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романынан үзінді, «Ұлы даланың, Ұлы ханымдары» атты видео слайд көрсетілді. Іс – шара арасында қызықты викториналық ойындар ойнатылды. Кітапхана қызметкерлерінің орындауында әсем әуендер кешімізді гүлдендіре түсті. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен аналарымыз қашанда ел назарында болмақ...

   

 


Келулердің саны: 813

Жаңалықтар таспасы rss
21.05.2020

«Мәдениет мемлекеттіліктің мәйегі»

...

21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай орталық кітапхананың ұйымдастыруымен инстагарам желісінде тікелей эфир арқылы…

Толық

15.05.2020

"Жыр тудырған Жұбан"

...

Ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай дайындалған онлайн кітап көрмесі.

Толық

13.05.2020

Жәнібек Әлиманмен «Тұнық жырдың тұмары» атты тікелей эфир өтті.

...

Шет аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13 мамыр күні сағат 15:00 де Өспен ауылының тумасы, облыстық «Орталық Қазақстан»…

Толық

30.04.2020

«Қазақстан ынтымақ пен достықтың кепілі»

...

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай 30 сәуір күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде,…

Толық

24.04.2020

«От жүректі ақын»

...

2020 жылдың 24 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздың тумасы, көрнекті ақын Тезекбай Амандықұлымен «От…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif