Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ»

...

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ» облыстық бейнецитата акциясының

 

ЕРЕЖЕСІ

Тұжырымдамалық идея:

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына

дайындалу және өткізу жөніндегі жалпы республикалық

жоспарды іске асыруда кітапханалардың рөлін арттыру

 

Ұйымдастырушы: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 

І. Жалпы ережесі

 

1.1       Осы ереже Акцияның мақсатын, өткізілу тәртібін, мазмұнын анықтайды;

1.2       Акция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30 мамырдағы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Жарлығының аясында ұйымдастырылып отыр;

1.3       Акция ақпараттық коммуникация саласындағы шығармашылық бастамаларды қолдайды;

1.4       Акцияның өткізілу барысы туралы ақпарат және осы Ереже karlib.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

ІІ. Акцияның мақсаты мен міндеттері

2.1     Акцияның мақсаты ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының мәдени мұрасын қазіргі заманғы ақпараттық коммуникацияларды қолдану арқылы насихаттау.

2.2     Акцияның міндеттері:

ü  Ұлы гуманистің шығармаларын көркем және мәнерлеп оқуға көпшілік қауымды, әсіресе жастарды тарту;

ü  Ақынның ағартушылық идеяларын насихаттайтын алаң құру, ақынның шығармашылығын жаңашылдық тұрғыдан таныстыру;

ü  Ақын тұлғасы туралы және оның мемлекетіміздің рухани дамуына әсері жайлы халықтың білім деңгейін арттыру.

 

ІІІ. Акцияға қатысушылар

 

3.1     Акцияға Қарағанды облысы кітапханаларының оқырмандары, кітапхана қызметкерлері және әдеби клубтар шақырылады.

 

 

ІV. Акцияны өткізу тәртібі

 

4.1       Бейнероликке Абай шығармаларынан кез-келген цитатаны таңдап, бейнецитата дайындау қажет;

4.2       Бейнеролик қатысушының таңдауы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалады. Ағылшын тіліндегі бейнероликте қазақ немесе орыс тілдеріндегі субтитрлер қоса берілуі керек;

4.3       Бейнероликтердің ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;

4.4       Ұсынылған бейнежазбаларда кітапхананың атауы, акцияға қатысушының аты-жөні, дәйексөздің дереккөзіне сілтеме көрсетілген титрдың болуы шарт;

4.5       Ұсынылатын бейнежазбаларда өзге ресурстарға сілтеме, жарнама сипатындағы ақпарат болмауы керек;

4.6       Дайын бейнероликтерді әр кітапхана YouTube, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына мына хэштегтерді пайдалану арқылы жариялау керек: #karlib #Абайбейнецитата #Абайвидеоцитата #Абай175krg #Abay175krg #бейнецитата

 

V. Бейнероликтер келесі талаптарға сай болуы тиіс

 

5.1       Жұмыстың әдеби көркемділігі;

5.2       Мультимедиа мазмұнын дұрыс қолдануы;

5.3       Жұмысты техникалық іске асырудың ерекшеліктері;

5.4       Кадрлардың, дыбыстардың үйлесімі, музыкалық әрлендіруі.              

 

Жоғарыда аталған шарттарға сай бейнецитаталар абайтанушы ғалымдарға, Қазақстан Жазушылар одағы мүшелеріне ұсынылып, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК YouTube каналында жарияланады.

Ең бірегей, әрі креативті бейнецитаталар ұйымдастырушылар тарапынан ескеріледі.

 

VІ. Бейнероликтерді жариялау мерзімі

 

6.1       Бейнероликтерді жариялау 2020 жылдың 15 наурызынан бастап 31 қазанға дейін жалғасады;

6.2       Бейнероликтерді төменде көрсетілген кестемен қоса metod@karlib.kz электронды поштасына жөнелту керек.


Келулердің саны: 662

Жаңалықтар таспасы rss
21.05.2020

«Мәдениет мемлекеттіліктің мәйегі»

...

21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай орталық кітапхананың ұйымдастыруымен инстагарам желісінде тікелей эфир арқылы…

Толық

15.05.2020

"Жыр тудырған Жұбан"

...

Ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай дайындалған онлайн кітап көрмесі.

Толық

13.05.2020

Жәнібек Әлиманмен «Тұнық жырдың тұмары» атты тікелей эфир өтті.

...

Шет аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13 мамыр күні сағат 15:00 де Өспен ауылының тумасы, облыстық «Орталық Қазақстан»…

Толық

30.04.2020

«Қазақстан ынтымақ пен достықтың кепілі»

...

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай 30 сәуір күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде,…

Толық

24.04.2020

«От жүректі ақын»

...

2020 жылдың 24 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздың тумасы, көрнекті ақын Тезекбай Амандықұлымен «От…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif