Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Жәкен Байтуов (1891-1962)

...

          Жәкен Байтуов Қарағанды облысы Шет ауданының Шаруатеңеу деген жерінде дүниеге келген.  Халық ақыны. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған.  Ел ішінде қиссашылдығымен, жыршылдығымен, суырып салма ақындығымен танылған. Кезінде Майасар, Болман, Жылқыбай, Тұңғышбек сынды ақындармен сөз қағыстырған.

         Жәкен Байтуов Арқаның айтулы айтыс ақындарының бірі. Шет өңірін құраған Биатаның ішінен бүгінде Абайға дейінгі поэзияның шыңы аталып жүрген, философ ақын Шортанбай өмір сүрсе, оның ізбасары  да жеткілікті еді. Шортанбай малын шығындап, болыс болғандарды алғашқы сынаушы боп, Абайға жөн сілтеген екен. Сол Шортанбай туған топырақта ойы қазаққа кеткен Қақпан ақын, Күмісбек молла – ғұмыр кешсе, күні бүгін жөні түзу бағасын ала алмаған Қарамеңде, Ақтентек сері дүниеге келіп, елін тамсандырған екен.

         Шет өңірін   Жәкен ақынның алдында отызыншы жылдарғы сұмдықтар кезінде мезгілсіз дүниеден өткен. Дия қажы, Бабас, Оқа, Түйетай Тоқсанбайдың Ғаббасы тәрізді оншақты ақын бар еді. Олардың реалистік поэзиясы, өмір шындығын аяусыз да бояусыз көрсете алды. Жәкен ақынға әсер етпей қоймағаны анық.

         Жәкен Байтуов ескінің көне көздерін де молынан жеткізушінің бірі.

         Жәкен "Қойшы мен қасқырдың", "Ақ қой мен қара қойдың" айтыстары, "Наршөккен", "Бірінші майға" өлеңдері, «Саржан – Бодық», «Бөрте батыр», Көкжайдақ», «Ақсерке мен Бөрі батыр» сынды бірқатар дастандар жазған. "Сал-сал", "Абылай", "Наурызбай" дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.

  Жәкен Байтуұлы Арқаның айтулы айтыс ақындарының бірі.    Жәкен Байтуұлы ескінің көне сөздерін де молынан жеткізушінің бірі. Оның орындауында «Сал-сал», «Наурызбай» қиссаларын бала кезімізде естіген едік. Көне шежірені құлаққа құйып, ертегі-жырын шексіз жырлаған осы ақындардың бүгінгі көңілі ояу интелигенцияға беріп кеткені өлшеусіз. Көңіл ояулық та сол ақындар еңбегі, солардың шапағаты. Бүгінгі ақын-жазушылар көтерілген әдебиеттегі биіктік солардың өмір тауқыметін тарта жүріп, біз жетінші деп тосқан иығының арқасы.

    Жәкен ақынның шығармаларының бір шыңы. Саржан 1951-52ж. қысында біздің үйде әкеме сынатпақ боп жырлағаны есімде.

    Кенесары атына байланысты талай аяулы азаматтың қуғынға ұшырағанын ескерткен. Мұнан кейін ақын Сержан бейнесіне біраз «Талапқа сай» өзгерістер енгізгенін байқадым. Сержан мен Кенесары қазақ халқының ұлт батыры. Олардың ауыл арасының мықтысынан гөрі  алапатының да, көркем бейнесінің де жоғары болуы даусыз. Олар ойына күйе жағуға келмейтін жарқын да қасиетті бейнелер.

    Айтыс ақыны Жәкеннің Жамбыл, Нұрпейістер тірі кезінде 1943 жылы өткен І – республикалық айтыста І – орын алған Арқаның дүлділі Маясармен қақтығысуы оның аса таланттылығының белгісі.

    Ақын 1932 ж. қырғын аштықтан, 1937 ж. зобалаңнан, соғыстың ауыр зардабынан тірі қалған халқын өміршеңдікке шақырып, ұлы даланың ұлы мәдениетін сақтап қалуға тырысқанын біз кезінде аузынан естісек, ендігі буын өлеңдерінен көрер деген үміттеміз.

    Ел мәдениетіне енді-енді ғана көңіл бөліне бастаған шақта жер-жерде ғұмыр кешкен осындай ақындар еңбегін облыс, аудан мектептері көлемінде оқытуды жылға қою қажет. Ешкімнің өзін танымай өзгеге үлгі алмайтыны анық.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-79 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-123-124 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-79 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-123-124 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Рысбеков, Б. Жәкен Байтуұлының «Саржан - Бодық» поэмасы [Мәтін]

/ Б.Рысбеков // Шет шұғыласы.-2010.- 28 қазан (№44).-6 б.

Жәкен Байтуов пен Нұрбеков Жылқыбайдың айтысы [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2012.- 27 қыркүйек (№39).-5 б.

Рысбеков, Б. Жәкен Байтуұлының «Бөрі батыр» поэмасы [Мәтін] / Б. Рысбеков // Шет шұғыласы.- 2012.- 22 қараша (№47).-5 б.

 Жақсылардың жалғасы еді. Шет шұғыласы.-2016.-14 шілде (№28).-5б.

Жыр жолдаған Жәкен ақын. Шет шұғыласы.-2015.-10 құркүйек (№37).-3б.

Жаңа кітап. Шет шұғыласы.-2015.-2 шілде (№27).-2б.

Байтуов Ж. Келіп ем қарасасдан қанат самғап  [Мәтін] / Ж. Байтуов // Шет шұғыласы. - 2013. - 14 ақпан (№7).-5 б.

Төлеуғазыұлы Б. Жақсылардың жалғасы еді  [Мәтін] /  Б. Төлеуғазыұлы // Шет шұғыласы. - 2016. - 14 шілде (№28).-5 б.

Жаңа кітап [Мәтін] / Шет шұғыласы. - 2015. - 2 шілде (№27).-2 б.

Шәйке М. Жыр сомдаған Жәкен ақын [Мәтін] / М. Шәйке // Шет шұғыласы. - 2015. - 10 қыркүйек (№37).-3 б.

 

Ақын Жәкен Байтуов [Мәтін]:айтыс, өлеңдер, естеліктер, поэмалар / құраст. Т. Орынбеков. - Балхаш: Балхаш баспаханасы, 1991. - 112 б. 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 5100

Жаңалықтар таспасы rss
28.11.2019

«Жаһандық ауқымдағы тұлға» атты оқырмандармен онлайн конференция өткізілді.

...

Тұңғыш Президент күніне орай Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінің №4 филиалының ұйымдастырумен 1 желтоқсан…

Толық

21.11.2019

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

...

Тұңғыш Президент  Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс…

Толық

15.11.2019

«Ұлттық валюта-теңге күні»

...

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен «Ұлттық валюта-теңге күні»…

Толық

14.11.2019

«Бір ел - бір кітап»

...

14 қараша «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен Әбділдә Тәжібаев…

Толық

12.11.2019

«Ел ертеңі –жасампаз жастармен» атты аудандық, кенттік, ауылдық жас кітапханашылардың арасында шеберлік сыныбы өтті.

...

      Шет аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Жастар жылы аясында…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif