Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Шәтекұлы Төлеуқұл (Қоңыр)

...

 

1940 жылдың 1 мамырында  Шет ауданынна қарасты Қарабұлақ қолхозында дүниеге келген. Әке- шешесінен жас кезінен айырылып, 1958 жылы  8 сыныпты бітіре, сол жылдан бастап 1962 жылға дейін  учетчик болып еңбек  етті. 1963-1965 жылдарда шоферлық жұмыс атқарды.1966 жылы Қарағандыда бухгалтерлікке барып есеп жұмысына ауысты. Совхоз тарағанша № 4 ферма есепшісі болып еңбек етті. 1995 жылы жекешелендіру кезінде 35 семья жеке шаруашылыққа бөлініп, соның төрағасы болды. Содан пенсияға шығуына байланысты 2003 жылы алдына жекешеленіп бөлініп «Бірлік» шаруа қожалығын құрды. Өлеңдері 1994 жылдан бастап аудандық, республикалық басылымдарда жарық көріп келеді. 1995 жылғы Шет ауданы ақындарының антологиясына енгізілген.  Шығармалары  мерзімдік  басылымдарда  жарияланып  жүреді.

         2012 жылы Қоңыр Шәтекұлының «Өлеңім – өзім, асау ойым» атты жыр жинағыны кітапханаға түскен болатын.

Ақынның жазған өлеңдерімен газет беттерінде жарияланған  кездерден таныс едік. Ол ақын болсада, аншылықпен де айналысты, табиғатпен бірге өмір сүрген, оны аялап сүйе білген адам ғана ақын болмақ.

Қоңыр ақын 70-те [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2010.- 29 сәір (№18).-5 б.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-377 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-156 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-377 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Шәтекұлы. Қ, Арнау [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-14 тамыз (№30).-1 б.

Шәтекұлы. Қ,Еліміздің алтын заңы [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-2007.-30 тамыз (№35).-2 б.

Шәтекұлы. Қ, Мен білетін төкен [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-2007.-15- қараша (№46).-8 б.

Шәтекұлы. Қ, Ауыл жайы толғантады [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-4 желтоқсан (№46).-3 б.

Шәтекұлы. Қ, Қариялық келді аяндап [Мәтін] / Қ. Шәтекұлы// Заман.-1999.-27 қараша (№44).-4 б.

Шәтекұлы Қ. Ардақты менің Нар елім [Мәтін] /Қ. Шәтекұлы // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 қыркүйек. - 3 б. 

Қоңыр ақын 70-те [Мәтін] / Шет шұғыласы.- 2010.- 29 сәір (№18).-5 б.

Тойшыбек, Б. Ақынның алтын қаламы [Мәтін] / Б. Тойшыбек // Шет шұғыласы.- 2012.- 15 қараша (№46).-4 б. 

 

Отандастар - біздің достар

 

О, достар, мені іздесең тірімде ізде,

Өлгеннен соң не айтады жансыз дене.

Мың мақта, ғұлама тұт, баһадүр ет,

Тіршілікте керек етпеген соң керегі не.

 

Бізден бұрын өтті ғой талай алып,

Қойған шығар жұмақтан орын алып.

Біз құсап жүздеген жыл тоса түр деп,

Қуып шығар басынан бір-ақ салып.

 

Не білем, айтыңдаршы өлгеннен соң,

Қос уыс топырақпен көмгеннен соң.

Басыма келіп кетерсіңдер

Өздеріңнің де өлеріңді білгеннен соң.

 

Бәрімізге әмірші - патша Құдай,

Бәйтерек те көп тұрмас желге сынбай.

Білгенің дұға оқыңдар еске алып,

Бола қалса достарым олай-бұлай.

 

Өлмек жоқ артынан өлгендердің,

Сендерсіңдер тірегім, сенгендерім.

Бәріміз де рет-ретімен кетеміз ғой,

Бұны жақсы тіршілікте білгендерің.


Келулердің саны: 3987

Жаңалықтар таспасы rss
03.03.2020

«Ана сенің мейіріміңдей мейірім жоқ...» атты көгілдір от кеші өтті.

...

Бүгінде құшақ-құшақ гүл мен сырлы сезімге толы 8 наурыз атты мерейлі мерекенің түбінде нәзік жанды қауымның өз үні мен еселі еңбегі,…

Толық

27.02.2020

«Абаймен келел білімге»

...

27 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектеп оқушылары және «Жансусар»…

Толық

26.02.2020

«Алғыс айту-асыл қасиет» атты әдеби викторина өткізді.

...

26 ақпан күні алғыс айту күніне орай кітапхана қызметкерлерінен құрылған Еріктілер тобы Ы.Алтынсарин мектебіне қарасы мектеп жанындағы…

Толық

14.02.2020

«Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

14 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысындағы…

Толық

06.02.2020

«Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар кеші өткізілді.

...

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні аудандық орталық кітапханада ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif