Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Саябек Айнатайұлы (1941-2000)

...

 

    Саябек Айнатайұлы  1941 жылы желтоқсан айының 21 жұлдызында дүниеге келген.   Саябек Айнатайұлы Шет ауданының тумасы. Жастайынан ақындық атағы шығады. Кейін мәдениет саласында тер төгеді. Шет аудандық «Ильич туы», Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің Шет, Ақадыр аудандары бойынша меншікті тілші қызметтерін атқарады. Партия, кеңес қызметтерінде болған. «Білім» қоғамының жауапты хатшысы бола жүріп, аудан жастарының ғылым, білімге деген ынта ықыласының артуына игілікті әсерін тигізді.

   1977-1981 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1981-1983 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 1983-85 жылдары аудандық «Илиьч туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1997 жылдары «Ақадыр таңы» және «Агадырьская новь» газетінің қызметкері, аудандық мәдениет Үйінің әдіскері қызметтерін атқарды.

  1997 жылдан өмірінің соңына дейін аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

  Ол 2000 жылғы 13 қыркүйекте 59 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

   Саябек Айнатайұлы қайда жұмыс істесе де өзін Отаны мен халқының шынайы патриоты ретінде көрсетіп, адал, қарапайым жан ретінде таныта білді.

   Үлгілі әке, ұлағатты ұстаз, адал жар, сенімді дос, қимас туыс, абзал азамат Айнатай ұлы Саябектің жарқын бейнесі өзімен сырлас та сыйлас болған жандардың жүрегінде әркез сақталады.

   Ақындар айтысына қатысқан.

  

Пайдаланған әдебиеттер:

 С.Айнатаев, Қазақстан магнитикасы [Мәтін] / Айнатаев,С//Заман.-2007.-30 қараша (№48).- 4 б.

С.Айнатаев, Қайырымдылық акциялары [Мәтін] / Айнатаев.С

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

 

 

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-60 б.

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-333 б.

Өр тұлғалы азамат еді [Мәтін] / Шет шұғыласы. - 2011. - 22 желтоқсан (№51).-6 б.

 

Айнатаев, С. Жалындап өткен жан [Мәтін]: / Шығармалар. – Алматы, «Асем-систем» баспасы. 2007. – 96 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 3641

Жаңалықтар таспасы rss
15.10.2019

«Рухани келісім-бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

...

Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «18-қазан…

Толық

08.10.2019

орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз…

Толық

07.10.2019

«Қариясын қадірлеген ел бақытты»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты барлық кенттік, ауылдық кітапханаларда 1 қазан қарттар күнінің…

Толық

04.10.2019

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері…

Толық

01.10.2019

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif