Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Бодық батыр (1705- жж)

 

Бодық  Керней атасының  Жарылғаптан кейінгі аты шыққан батыры. 1705 жылы туған.Кенесары заманында өмір сүрген. Төрелермен үнемі қату болған. Хан Саржанның жағын сындырған. Ол жөнінде ақын Жәкен Байтуов «Саржан – Бодық». Жуасбай Тасболатұлы да  «Саржан қашқан»  деген дастан жазып кеткен. Осы уақиғаға байланысты Қармыстың бойында Саржан қашқан деген жер бар.

Бірде Бодық түстік жаққа жорыққа аттанады. Қайтып келе жатқанда алдарынан мәлімсіз ауыл шығады. Бұл не ауыл болды екен деместен түн қараңғысында оны да қоса шабады. Бір кезде ағараңдап жалғыз қуғыншы көріпті. Бұл неткен жүрек жұтқан деп, қолды өткізіп жіберіп, Бодық қуғыншыны тосып алыпты. Үшінші қайта шабысқанда Бодық аттан түсіп қалыпты. Сол бетінде өңгеріп әкеп бір қараңғы үйге түсіріпті. Батыр үш кезекке жетпей қайдағы біреуден түсіп қалғаным қалай болды деп уайым жеп, таңды көз ілмей аттырады.

Таң атқан соң екі жігіт он екі қанат ордаға бастапты. Келсе төрде адамзат баласының көркемі дерлік жап – жас жігіт малдас құрып отырыпты. Екі жігіт шығып кетіпті. Бодық өзін аттан түсіріп кеткен жігіттің осы екенін түсініпті. Бір жағынан қайран қалыпты, бір жағынан намыстаныпты.

Біраздан кейін бір жігіт үйме табақ ет әкеліп, төрде отырған жігіттің алдына қойыпты. Батыр бақылап отырыпты. Жігіт етті сүйегінен ажыратпай жей бастапты. Сөйтіп отырғанда тағы бір үйме табақ ет келеді. Оны босағада отырған батырдың алдына әкеліп қояды. Батыр да көргенін істеп, етті сүйегінен ажыратпай асай бастайды. Жігіт табағын босатқанда батыр да босатыпты.

Төрде отырған жігіт Наурызбай екен. Кәдімгі Хан Кененің інісі. Ол да таңды кірпік ілмей аттырыпты. Маған қарсы шыққан бұл неткен жүрек жұтқан жан деп. Бір жағынан қуаныпты. Нағыз батыр таптым деп. Қырғыз Алатауына апарам деп.

Сөйткен адамының қаусаған шал болып шыққанына қайран болып отыр екен. Бұл кезде Бодықтың жасы жетпістен асқан дейді.

-         Әттең жасың келген екен, заманың өткен екен. Әйтпесе оң қолтығымнан орын беретін едім. Төреге қол көтерген қараның жазасы біреу. Бірақ сен де туған екенсін. Жаның сауға, - деп бар малын сыпырып алып қалыпты.

Ел аузындағы тағы бір аңыз былай дейді.

Бодықтың аталас ағайыны Төресейіт ит жүгіртіп, құс салған адам екен. Бірде

осындай саятшылықтың буымен Үйсін жеріне өтіп кетеді. Тәуір деген бір үйге түседі. Сөйтсе ол Рүстем төренікі болып шығады. Ақшулан деген қыранын тұғырға қондырып, төрге озады. Ертеңінде қайтпақшы болып құсына қол созғанда төре:

-         Бұл үйге кірген зат шықпайды, - депті.

Төренің әйелі Арғынның қызы екен.

-         Содан жер болып оралған інісін Бодық батыр шақыртады. Мән – жайға қаныққан соң екеуден – екеу жолға шығады.

Төренің ауылына келген соң Төресейтті өзекке қалдырып, батыр Рүстемдікіне

жалғыз барады.

 Батыр сәлем беріп кіріп келгенде төрде отырған төре селк ете түсіпті. Мұны бәйбішесі байқап қалыпты.

Бодық дәрет сындыруға шыққанда бәйбіше көрген жайын баян қылады. Төре

сенбейді. Ендеше деп ине-жіппен сымын құрақ көрпеге іліпті. Батыр қайтып келгенде жіп үзіліп кетіпті. Төре келушінің тегін емесін түсінеді. Жолаушы сусын ішіп, сапарының мойын қашықтығын айтып, қонақасыға қарамайтын болады. Үйден шығып бара жатып:

Қуыс үйден құр шықпаушы едім, - деп тұғырдағы Ақшуланды іле кетіпті.

Бодықтың күмбезді мазары Қабыл өзенінің бойында. Онда Батыр жоқ дейді.

Жаулары сүйегін қорлайды деп басқа жерге жерлеген – мыс. Бодыққа берілген ас үлкен жанжалмен аяқталады. Асқа Шәбден бастаған қырғыздар келеді. Сонда ұранға Ағыбай батыр аты шақырылады. Бұған қырғыздар наразы болады. Қазақтар Хан Кененің басын даулайды. Қырғыздар да есесін жібермейді. Олар Нәдірханның басын даулайды. Ал Нәдірдің басын алушы Жарылғап батыр.

Жанжалды бастаушы сол кездегі бала батыр Балта Манасбайдың Омары екен.  Ол қырғыздың Мойнақ деген балуанын атып ұрып, ыштанын шешіп түкіріпті. Онымен қоймай ат үстіне қарғып мініп Ағыбайлап шапқан. Шәбен табан астында Омарды жазалауды талап етеді. Бірақ ел Батырдың аруағын сыйлап, Омарға ат-шапан айып төлеттеріп, қырғыздардан құтылыпты.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 23 б.

  Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К. Жүністегі.- Алматы: Ел - шежіре , 2007.-76 б.

 

Ол туралы:

Ақын Жәкен Байтуов [Мәтін]: өлеңдері мен поэмалары : Балқаш, 1991.-71-111 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 3313

Жаңалықтар таспасы rss
07.08.2019

«Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі» және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 17 күні «Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның…

Толық

08.07.2019

Астана күніне орай аудандық орталық кітапханада Жазғы кітапхана ұйымдастырып өткізді.

...

Жазғы кітапхана мақсаты елорда туралы әдебиеттер мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау,оқырмандарға таныстыру.     Жазғы…

Толық

05.07.2019

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 1 күні «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты әдеби- сазды…

Толық

04.07.2019

«Өмірі өлеңге айналған халық ақыны»

...

Сағи  Жиенбаевтың туғанына 85 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл…

Толық

28.06.2019

«Ауылдық кітапханалар: даму бағыттары мен басымдықтары»

...

2 күнге созылған семинар Маусым айының 28-29  күндері   аудандық орталық кітапханада кенттік, ауылдық, орталық кітапханалардың…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif