Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ағыбай Қоңырбайұлы (1802-1885 жж.)

...

 

Елдің елдігі мен еркіндігі үшін «Ереуіл атқа ер салып,ереуіл найза қолға алып»,

Қаймана қазақты ұрыс даласына бастаған Ақжолтай батыр Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында  өмір сүрген. Көрнекті қазақ ғалымы тарих ғылымының докторы профессор Е. Бекмаханов Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерліске байланысты жазған монография- сында Ағыбай Кенесарының құрдасы әрі оның бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны жақсы көргендіктен өз атымен атамай,әзілдеп«Көсе» деп  атайтын деп жазады» Расында да Кенесары ел-жұртының қамын ойлаған хан еді,халқын тар қапастан құтқарудың түрлі жолдарын ойластырып,айналасындағы кеңесшілерімен, қолбасшыларымен үнемі ақылдасып отырған

   Кенесары әскерінде бес батыр болған Ағыбай ел аузында аты аңызға айналып, қолбасшылығымен батырлығының нәтижесінде халық сүйіспеншілігіне бөленеді.

 Ертеде болған екен ер Ағыбай,

Ол кезде ер болмапты Ағыбайдай,

Баяғы Кенесары заманында,

Ерлігін көрсетіпті елге талай.

Білмеген Ағыбайды ел болмаған.

Үш жүзге даңқы кетіп Ағыбайдың,

Ол кезіп,ол бармаған жер болмаған...

Ағыбай ешбір  жанға бас ұрмаған,

Басынан дұшпан сөзін асырмаған.

Жалғыздық Ағыбайды бөгеген жоқ,

Қандай жау есіл ерге тор құрмаған...

Ағыбай батырдың әскерінде ұйтқы боп жүрген

   Ағыбайдың немере туыстары- «шұбыртпалының жеті бөрісі» деп халық  атап     кеткен. Таңабай ,Көлебе,Меңдібай,Дулат,Жәуке,Толыбай,Шыңбай. Осы шұбыртпалының жеті бөрілері жөнінде ел аузында  мынандай аңыз бар: Алғашқы уақытта Кенсары әскері  жауға «Абылайлап», «Қабанбайлап», «Бөгенбайлап» шабады екен.Бір күні орыс әскерімен қырған соғыс болып бірінші жауға «Абылайлап» кірген, төрелер,екінші топ жаумен «Қабанбайлап», «Бөгенбайлап» сабаласқан  қазақ әскері артқа шегініп оралған екен. Осы кезде жаудың  ортасында қалған бас «А, Құдайлап», оған ерген жеті батыры «Ағыбайлап» жауды екі бөліп қуып,жеңген екен.

Соғыс біткен соң Кенесары хан ойланып: «Осыдан кейін алғаш әскері  жауға  екі ұранмен- бірінші қатары «Абылай» деп екінші легі «Ағыбай» деп шабатын болсын деп айтқан екен. Ал Ағыбай бас қолбасшысы боп,шұбыртпалының жеті батыры  Таңабай, Көлебе, Меңдібай, Дулат, Жәуке, Толыбай, Шыңбай Кенсарынның мыңбасары ретінде,он жыл орыс отаршыларымен аяусыз соғысқанда  қазқтың жері мен бостандығы үшін  «Ағыбайлап» кіріскен есіл ерлер болған. Тағы бір айтатын жайт, Ағыбай Кенсары әскерінде бас батыр болса, ал оның жақын туысы Ханаби Серкеұлы бас биі болған екен. Архив материалдарына ,белгілі халық ақындарының жыр, дастандарына, басқа да тарихи деректерге жүгінер болсақ, шұбыртпалы Ағыбай батырдың қолбасшылық қызметнің,әсіресе 1837-1841 жылдары аралығында асқан ерлік қимылдар көрсеткенінің куәсі боламыз Кенесары Көкшетау шайқасында жеңіске жеткені және шынайы ержүректік көрсеткені үшін Ақжолтай Ағыбай батырға, Абылай хан атасынан қалған күмістелген қанжарды тарту етеді. Осы қантөгісте Ағыбай батырдың қолына  тұтқынға патша офицері, аға сұлтан Маман Абылаев түседі. Әлсіздік көрсетіп жеңіліске ұшырағаны, әрі тұтқынға түсіп қалғаны үшін патша үкіметі Абылаевты қызметінен қуып, орнына Боштай Тұрсыновты тағайындайды.

   Хан кененің қоластында жүріп Ағыбай  1838 жылы 7 тамызда Ресей империясының Ақмоладағы тірек-орталығына шабуыл жасайды. Ол кезде Ақмола қаласын полковник Қоңырқұлжа  Құдаймендин басқаратын. Сібір қазақтарының ауыр зеңбірекпен қаруланған отряды мықтап қоршаған болатын. Бұл қанды қырғын айқаста да Ағыбай батыр сарбаздары күш басылымдығын көрсетіп, қаланы басып алады. Қоңырқұлжа Құдаймендин қалған солдаттарымен қашып құтылады. 1837 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау бекінісінен Ташкентке хорунжий Рытов жасағы бастап бара жатқан керуенді Ағыбай мен Наурызбай батыр сарбаздары қойлыбай Болат  маңында тас-талқан етті. Ел азаттығы үшін күрескендердің Ақтау өңіріндегі жұрт арасында аңыз боп тараған бұл атыс-шабыстары да халық ақындарының назарынан тыс қалған жоқ:  Ақжал боп тиді Ақтауға,

                              Батырлардың келгені.

                              Есепсіз қалың дұшпанын,

                              Сауынан көп болды өлгені.

                              Батырлар салған өнерді

                              12 мыңдай қол болып

                              Ақмолаға жөнелді.

                               Бастығы болған бәрінің

                               Кенесары-Наурызбай,

                               Екінші батыр тағы да

Арғыннан шыққан Ағыбай...-деп асқақтата жырлауы сөзімізге толық дәлел бола алады. Хан кененің сенімді қолбасшылары Ағыбай мен Наурызбай Ақтау бекінісінің комендаты, әрі старшыны Симонов әскерлерін де қанға бөктіріп,бас сауғалап,қару-жарақтарын тастай қашуларына мәжібүр етті. Сол шайқаста қос батыр Кенесарыға 10 тапанша, 9 мылтық , 13 қылыш, 7 найза, 495 мылтық оғын,тағы басқа да қарулар әкеп табыс етті.1841 жылы Ұлытау тауының баурайында Үш жүз тайпаларының өкілдері бас қосуында  Кенесары қазақ  халқының  ханы болып сайланды. Бұл кез генерал- губернатор Перовскийдің даңқы дәуірлеп тұрған уақыт болатын. Содан кейінгі екі жылда Ағыбай батыр бастаған  Кенесары ханның қол астындағы қазақ сарбаздары өзбек езгісіндегі бауырластарын азат ету жолында қоқандықтармен күресті. 1843 жылдың басында,генерал-губернатор Горчаков Кенесарының бәйбішесін тұтқынға түсіріп, көтерісшілер әлеміне «өзгеріс «жасауға әрекеттенді.Сол  жылдың тамыз айында полковник Бизанов пен А.Жантөрин, Б.Айшуақов сынды сұлтандарыдың   басқаруымен 500 адамнан құрылған қарулы қол Кенесары ханның сарбаздарымен соғысуға бет алды. Олар Ырғыз өзенінің бойында Ағыбай мен Наурызбай бастаған көтерлісшілер жасақтарымен кездесіп, тағы бір қантөгіс болады. Осы шайқаста Наурызбай батыр қатты жараланады. 1844 жылы көктем шыға Ресей империясы қазақтың кең байтақ даласын тұтас басып алудың  құйтыртқы шараларын ойластырады. Генерал-майор Жемчужниковтың қол астына үш отрядтан тұратын қарулы қол жасақтады. Оның бірінші отрядына  полковник Лебедедев, екіншісіне сұлтан Ахмет Жантөрин,үшіншісіне жүзбасы Фалилеев басшылық етті.  Осы тұста Наурызбай батыр өзінің тапқырлығын танытып полковник Лебедев басқаратын патша отрядын Ресей империясына жанымен берілген сұлтан Байқадамовтың ауылына қарай бұрып жеберді.

          Кенесары ханның алдын-ала жасаған жоспарына сай 1844 жылдың  20 маусымынан 21 маусымына қараған түнде Ағыбай батыр мен Ержан батыр сарбаздары Тобыл өзенінің жоғарғы сағасымен Ұлқояқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің  отрядын қоршап алып,толық жойып жіберді. Ұрыс барысында көрнекті 44 сұлтан қаза тапты. Бұл полковник Дуниковский басқаратын ауыр зеңбіректі отрядына жасалған ірі шабуылдың бастамасы  еді.

         Тамыз айының орта шенінде Ағыбай батыр мен Наурызбай батыр бастаған қол Екатеринск бекінісіне лап қойып, естерінен таңдыра жасалған бірнеше шабуылдың нәтижесінде бекіністі басып алады.Бұл –Кенесары ханның ең үлкен  жеңістерінің бірі еді. 1844 -1846 жылдар аралығында Кенесары ханның сарбаздары Ресей империясының әскерлеріне дүркін шабуыл жасап,бірде сәтсіздікке ұшырап,енді бірде ойсырата жеңумен болды. Осы  жылдары ауыр зеңбірек,оқты мылтықпен қаруланған патша әскерлеріне қарсы білектің күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерін қорғаған батырларымыздың даңқы шықты, сол батырлардың даңқы халқымыздың еңсесін көтерді де, қазақ батырларының басында Ақжолтай атанған Ағыбай батыр Қоңырбайұлы тұрды.

 

                                       Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011-32-34 б.

Қарағанды. Қарағанды облысы:[Мәтін] энциклопедия.-Алматы: Атамұра, 2006.-88 б.

    Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі . – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 124-131 б.     

      Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 26-28 б.

      Ақжолтай Ағыбай батыр [Мәтін] Алматы: Ғалым, 2002. – 632 б.        

    Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері:  фотошежіре [Мәтін] – Құраст.: М.       Жакин.- Алматы: КарМУ, 2004.- 51 б.

    Тарихи тұлғалар. [Мәтін]  / Құраст.:Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы:    Алматыкітап, 2008. – 342 б.

Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2006. – 307-313 б.

   Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                                           

  Қанайұлы, Ш. Қай заман [Мәтін] / жыр-толғаулар.- Астана: Фолиант, 2011.- 88-  105 б.                                             

 

                                                    Ол туралы: 

    Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011-32-   34 б.

    Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі . – Алматы: Ел-шежіре, 2007. –   

    124-131 б.                           

    Ақжолтай Ағыбай батыр [Мәтін] Алматы: Ғалым, 2002. – 632 б.        

    Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері:  фотошежіре [Мәтін] – Құраст.: М. Жакин.- Алматы: КарМУ, 2004.- 51 б.

    Тарихи тұлғалар. [Мәтін]  / Құраст.:Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: Алматыкітап, 2008. – 342 б.

     Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 24-26 б.

      Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2006. – 307-313 б.

  Бабалар сөзі: [Мәтін]  Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                                          

 

                      Мерзімді басылым беттерінде:

 

   Қол бастаған Ағыбай батыр [Мәтін] / Заман.- 2002.- 7 қыркүйек (33).-3 б.

Топырақтың киесі [Мәтін] / Орталық Қазақстан.- 2007.- 24 қараша (№17).-5 б.

Ақпанбайұлы Б. Ақжолтай Ағыбай батыр күмбезі  [Мәтін] / Б. Ақпанбайұлы // Заман. - 2006. - 9 қараша (№46). - 3 б.

 Аманжолтегі Ә. Ерліктің куәсіндей  [Мәтін] / Ә.Аманжолтегі // Заман. - 2002. - 6 шілде (№25). - 3 б.


Келулердің саны: 4134

Жаңалықтар таспасы rss
07.08.2019

«Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі» және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 17 күні «Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның…

Толық

08.07.2019

Астана күніне орай аудандық орталық кітапханада Жазғы кітапхана ұйымдастырып өткізді.

...

Жазғы кітапхана мақсаты елорда туралы әдебиеттер мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау,оқырмандарға таныстыру.     Жазғы…

Толық

05.07.2019

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 1 күні «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты әдеби- сазды…

Толық

04.07.2019

«Өмірі өлеңге айналған халық ақыны»

...

Сағи  Жиенбаевтың туғанына 85 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл…

Толық

28.06.2019

«Ауылдық кітапханалар: даму бағыттары мен басымдықтары»

...

2 күнге созылған семинар Маусым айының 28-29  күндері   аудандық орталық кітапханада кенттік, ауылдық, орталық кітапханалардың…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif