Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ғазиз Ештанаев

...

    Ештаев Ғазиз Елеусізбайұлы (1958)  Шет ауданы  Кеншоқы ауылында туған.   Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Жүрналистер одағының мүшесі.Ақын  Қазақстан Республика білім беру ісінің Құрметті қызметкері. ҚарМУ-ді бітірген.(1976 - 1977), Шет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  (1982), мектеп директорының  орынбасары(1982). Шет ауданы  Ақсу-Аюлы селосындағы кәсіптік техникалық училищеде тракторшы болып жұмыс істеген (1987), Үңірек  ауылының кеңесі  төрағасының  мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары Мәдениет үйінің директоры (1988- 1989 ), облыстық «Сарыарқа» газетінде (бұрынғы «Жезқазған туы») тілші (1989-1992) , Жезқазған пед- институтында оқытушы (1992-1996), Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУ-де кафедра меңгерушісі (1996 ж.- дан) ,  «Ұлытау» ғылыми орталығының директоры (2001), 2005 жылдан  ЖезУ-дің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі проректоры болып қызмет етті. Қазір Жезқазған қаласындағы «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры. 1 оқу құралы, 2 оқу әдістемелік құралы, 30 дан астам ғылыми мақаласы жарық көрген.Бірқатар жыр кітабының, «Бәрі де анадан басталады » ,«Нөсер» ,«Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр», т.б. пьесалардың авторы.  «Жезқазған» энциклопедиясы,  «Ұлытау ақындары», « Ұлытау жер-су атаулары » ғылыми тарихи- танымдық жобалардың авторы, үйлестірушісі.Францүз моралистері Ф.де Ларошфуко, Б. Паскаль, Ж. Де Лабрюйердің  (XVII) даналық ойларын ( максималарын),Еуропа ақындарының  (Словения, Латвия, Эстония, Литва) өлеңдерін аударған.  Ол аудармалары «Әлем әдебиеті кітапханасы сериясымен «Аударма» баспасынан басылып шыққан жинақтарға енді. Қ,Сәтбаев, С.Мұқанов,Н.Төреқұлов және Қ.Аманжоловтың мерейтойлары мен Жезқазған қаласының 50 жылдығына орай өткен, сондай-ақ «Қазыналы Қарсақбай» атты республикалық мүшайралардың жүлдегері  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік  медальдарымен Қазақстан ЖОО қауымдастығының  А.Байтұрсынов атындағы  қола медалімен  марапатталған.

(« Санылақ », автор ) , «Жез Уездің  Алтын белгісімен» ,Жезқазған қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шығ.. «Жыршуақ» (Жезқазған,1996), «Шұғыла-шуақ» (2006, Алматы). 

Пайдаланған әдебиттер:

 Шет  Ауданы[Мәтін] Энциклопедия/ .-Алматы: ҚАЗақпарат,2013.-166 бет

Ол туралы

 Ештанаев Ғ Шығармалары. [Мәтін]/  Ғ. Ештанаев, Б. Мырзабеков,Ж,Наурызбай-Астана: Фолиант,2014-408 б.

  Сарыарқа  саңлақтары [Мәтін] / Павлодар: «ЭКО » ҒОФ, 2007- 34 бет.

 

ЛЕНИН ЕСКЕРТКІШІ ОРНЫНДА 

Пролетариат көсемі В.И. Лениннің орталық алаңдагы ескерткіші қиратылды. Тарихқа тагы бір өзгеріс енгізердей талқандау ісіне құлшына кіріскен құрылысиіылар әуелі«көсемнің» басын алды.

Солай болды, Володя,

Кешіргін,

Ел жадынан есіміңді өшірдім.

Жылдар жылжып жылымына тартады,

Енді тізгін берер ме екен көшір-күн?

 

Бас алынды,

Жаға-жеңің жыртылып,

Санамызда қимас сезім тұр тұнып.

Осы алаңда талай ағам ұрандап,

Талай ақын жыр оқыдық жұлқынып.

 

Енді, міне, соның бәрі - естелік,

Бәрі өзгерді,

Өзгеше ұрпақ өсті өніп.

 Манифесті мұражайға тапсырып,

Басқа арнаға бетін бұрды көш-көлік.

 

Сынды ескерткіш,

Орынында тас қалды,

Өзі тіреп тұрғандай ед аспанды.

Біле білсең, ескерткішке шабуыл Сенің ұлы Ресейіңнен басталды.

 

Ит сиді ғып іліміңді нақ сенер,

Қырқып жатыр,

Содан тыншу тапса егер.

Ұлан-байтақ Ресейіңнен, қайтейін,

Ұлтарақтай жер бұйырмай жатса егер.

 

Өткен кұндер көз ұшында бұлдырап

Кеткенімен,

Ұмытпайды Жыл бірақ.

Сеземісің, сенің мәрмәр бейнеңнен

Самогонның аппараты құндырақ.

 

Солай, Ильич,

Бәрі өткінші, білдің бе?

Қызық боп тұр,

Күлмедің не, күлдің не...

Октябрьде атқа мінген сарбаздың

Махоркамен бағасы бір бүл күнде.

 

Күн бұралаң,

Бағынбайды сызыққа,

Бірде қайғы, бірде батып қызыққа.

Бір басыңа жетті байлық-дәулетің,

Теңдік іздеп нең бар еді мұжыққа?

 

Бәрі өзгерді,

Адам, Қоғам, Жол, Алап,

Жатыр елім жүрер жолын жобалап.

Алып кран шынжырына ілініп,

 Әне басың бара жатыр домалап.

 

Таңы жақын дейміз анық Бақыттың,

Мезгілімен атса болды жақұт Күн.

Абайламай,

Арманыңа асықсаң,

Басыңды алып тастауы оңай Уақыттың.

 

Бар ма бүгін

Тәубаңа кел дейтін үн,

Келбетімді кекетеді кей күнім. ...

Сол түні мен түсімде бір гәп көрдім,

Басы-ау деймін Махамбет пен Кейкінің.

                                                  

КӨБЕЛЕКТІҢ КАНАТЫНДА ӨЛЕҢ ЖҮР

 

Гүлдер, Гүлдер,

Келген жоқпыз бекер біз,

Жіберсеңші сезімдерге жан салып.

Шыныменен сағынған-ақ екенбіз,

Көп қарадық гүл-ғаламға тамсанып.

Ақ қанатты періште ғой,

Білдің бе?

Көбелектің тілеуі де тек қызық.

 

Ұшып жүріп бір гүлдерден бір гүлге,

Жатады екен сағынышын жеткізіп.

Қабағымнан ғайып болды нала, мүң,

Мұндай шақта шалқып-тасып жатпай ма ән

Аяулымның кеудесіне қададым

Алау гүлді «Арман-ай» деп ат қойған.

Қалай өзі?!

Қызық, күлкім арта ма...

Жүрегімді жүлмалайтын бүрын мүң.

Бір шумағын оқып бердім қалқаға

Гүлдер жайлы жазған жаңа жырымның.

Гүл жайлы ғой, - деді аяулым айыптап,

 - Бүгін маған арналады деген жыр.

Көбелекке қара, жаным, байыптап,

Қанатында өзің жайлы өлең жүр.

   Мерзімді басылымдар беттерінде:

Ештанайұлы Ғ. Тарих тағылымы [Мәтін] / Ғ. Ештанайұлы // Заман. - 1998. - 12 қыркүйек (№34). - 2 б.

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 4297

Жаңалықтар таспасы rss
15.10.2019

«Рухани келісім-бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

...

Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «18-қазан…

Толық

08.10.2019

орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз…

Толық

07.10.2019

«Қариясын қадірлеген ел бақытты»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты барлық кенттік, ауылдық кітапханаларда 1 қазан қарттар күнінің…

Толық

04.10.2019

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері…

Толық

01.10.2019

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif