Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Шет өңірін мекендеген рулардың шығу тегі, құрамы, атамекені: қыстау, жайлау, көш жолдары

Шет өңірін мекендеген рулар («бес ата» деп аталады) шығу тегі жағынан Орта жөздің Арғын руының «Бес Мейрамынан» тарайды. Мәшһүр Жүсіп шежіресінде:  «Жаңарыс – Қарақожа- Арғын- Құтан- Мейрам» - деп таратады. Мейрамның бәйбішесі Нұрфаядан – Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен – Бегендік, Шегендік туады. Күңнен Болатқожа туады. Бесеуі де өсіп- өніп: «Бес Мейрам» аталған осылар.

            Осы  бесеудің бірі – Болатқожаның лақап аты «Қаракесек». Шет ауданының негізгі тұрғындары осы қаракесектен тарайды.Оның бұлай аталуы шежіредегі «енші бөлу» оқиғасына байланысты. Әкелері Мейрам ерте дүниеден кетіп, жылқыны үлеске салғанда Қуандықтың үлкендігін арқаланып: «Өзім бір сыбаға, алты балам- алты сыбаға. Қара шаңырақтағы қалғандарың – бір сыбаға!» – дегеніне ренжіген Сүйіндік Болатқожаны көмеке шақырып, Қуандыққа қарсы шығады. Қақтығыс кезінде Болатқожа: жерден алты томар шымды қопарып, жұлып алып, Қуандықтың алты ұлын алты шыммен ұрып жығып, Қуандықтың өзіне жетіп айтқан:

-          Сөзге көніп тузулікке келесің бе? Болмаса, балаларыңныі қасыңа қосайыңба? – деген соң Қуандық:

-          Сен бәрімізден кіші болсаң да, сенің ырқыңа көнбеске болмады. Бұрынғылар айтқан сөз бар еді: «Қой асығы деме- қолайыңа жақса, сақа ғой, - Жасы кіші деме, ақылы асса аға ғой!» – деген. Енді мен аға емес, сен аға болдың. Жылқыны қалай бөлсең де, билігін саған бердім! – дегенде, Болатқожа:   

-          Мына жатқан, жылқыны ортасынан қақ жарып жүремін. Сен аға едің, таңдаған жағын сен ал, қалған жағын Сүйіндік екеуіміз алайық!- деген екен. Осы оқиғадан кейін «кесекпен ұрғанды шығарғаннан «Қаракесек» атанып, «Болатқожа» атынан «Қаракесек» аты даңқты болып кеткен – дейді.

Бұл деректі аңыз қалпында Мәшһүр Жүсіп ел ауызынан естіп, жазған. ХІХ – ХХ ғасырлардың  басында Шет өңірін мекендеген рулардың құрамына келсек, негізгі тұрғындары «Бес ата» деп аталатын қаракесектің әлтеке,сарым,кәрсен, керней, қояншы – тағай рулары.

Мұндағы Әлтеке- Сарымдар Шет өңірін бұрыннан жайлап келген рулар. Ал Машайдың бұл өңірге Қарқаралы – Қу жақтағы «Бауыр Бошаннан» бөлінуі және қәзір қоныстанып отырған жерлеріне келу себебін Төрехан Майбас: - ... Қаракесектен екеу туады. Үлкені – Ақша, кішісі- Түйте..... Түйтеден Майқы мен Танас тарайды. Майқыдан екі ұрпақ тарайды. Үлкені -   Әлтеке, кішісі – Сарым. Ақшадан жалғыз туады. Бошан. Бошаннан бесеу туады.Үлкені Жанту, одан кейін Байбөрі, одан кейін Таз, одан кейін Машай, одан кейін Манат. Осы бес атаны «Бес Бошан» дейді. Бес Бошанның балалары жауға шапқанда ұраны – «Бошан» болған. Осының ішінде қәзіргі Шет ауданыын мекендеп отырған «Бес ата» бар. Оның біреуі жаңағы Майқыдан тарайтын арым мен Әлтеке. Одан кейін Бораншыдан тарайтын Кәрсен – Керней, Қояншы- Тағай – деп шежірені  таратады. Қаракесектің негізгі сүйегін тіреп тұрған «Бес Бошан» дейді.Бес Бошанның атақты адамы – Қаз дауысты Қазбек. Осы Қазбектің өзі туғанда шешесі Тоқмейілді кемсіткен дейді. Тоқмейілдің айтатыны бар: «Мен осы «Төрт Бошанды» билейтін жақсы ұл таппақпын», - деп. Сол ұл – Қаздауысты Қазбек.  Қаз дауысты Қазбек «Төрт Бошанды» биледі.Бұл «бес ата» деп аталатын рулармен бірге ауданның қәзіргі Абай, Жаңарқа аудандарымен шекаралас жерінде орналасқан елдімекендер аумағында тұрақты, қырғыз және қуандықтың алтай- қарпықтан тарайтын рулары да аралас қоныстанып отыр.

Бұған қоса Шет ауданында Кіші жүзден – алшын, табын, телеу, руларының өкілдері, Ұлы жүзден- үйсін, Орта жүзден – қыпшақ, қоңырат, найман, керей, уақ, Арғыннан-  қанжығалы, темеш т.б. Ақсүйектерден – төре, қожалар ,бар.

  Кіші жүз, Ұлы жүз және Орта жүздің т.б руларының бұл өңірге қашан, қайдан, қандай себептерден көшіп келіп, жергілікті тұрғындармен қалай араласып кеткені жөнінде нақты тарихи деректер әзірге белгісіз. Кейбірінің ғана көмескі аңыздары сақталған.


Келулердің саны: 6880

Жаңалықтар таспасы rss
15.10.2019

«Рухани келісім-бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

...

Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «18-қазан…

Толық

08.10.2019

орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз…

Толық

07.10.2019

«Қариясын қадірлеген ел бақытты»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты барлық кенттік, ауылдық кітапханаларда 1 қазан қарттар күнінің…

Толық

04.10.2019

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері…

Толық

01.10.2019

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif