Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Бір ел-бір кітап акция тарихы

Жобаның идеясы АҚШ-та өте танымал болған. Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.«Бір кітап, бір Чикаго» бағдарламасы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады.

2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). авторы Испанияда Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап «Сто лет одиночества» романынан оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінген.

2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.

«Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.

«Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысында өткізіліп тұрады. Мұнда әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады.

 

 


Келулердің саны: 7439

Жаңалықтар таспасы rss
08.10.2019

орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз…

Толық

07.10.2019

«Қариясын қадірлеген ел бақытты»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты барлық кенттік, ауылдық кітапханаларда 1 қазан қарттар күнінің…

Толық

04.10.2019

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері…

Толық

01.10.2019

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз…

Толық

26.09.2019

I Аудандық кітапханашылар фестивалі өтті

...

26 қыркүйек күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау және кітапханашылардың…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif