Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Мойынты ауылдық кітапханасы

     Мойынты ауылдық кітапханасы 1972 жылдан бастап қызмет атқаруда. Сол жылдары кітапхана темір жол бойына қараған.  Ауыл тұрғындары 70% орыс халқы болғандықтан, орыс тіліндегі әдеби кітаптар көп болған.

      1970-1980-ші жылдар аралығында Адамбекова Сәрсенкүл қызмет істеп бастаған. 1990 жылы – 2009 жылдар аралығында Құсайынова Лиза жұмыс істеген. Кітапхана 2000 жылы мәдениет үйінің 2-ші қабатына көшіріліп «Жаңа кітапхана» болып құрылды. Кітапхана ішінде жаңа заман талабына сай қамтамасыз етілген.  2009-2010 жылдар аралығында жөндеу жұмысынан өткізілді.

        2009 жылдан бастап Багимова Асел Сағатбекқызы қызмет етті. 2011 жылдың 1-ші шілде айынан бастап өз еркімен жұмыстан босатылды.

        2012 жылдың шілде айынан бастап Жунусова Әлия Молдатайқызы кітапханашы жұмысына қабылданды. 2013 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет етіп өз денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылған.

        2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Джасыбаева Жумаш Неспекқызы  жұмысқа қабылданып бүгінгі күнге дейін кітапханашы жұмысын атқаруда. Бүгінгі күнде Мойынты ауылдық кітапханасында есеп құжаттары бойынша кітап  қоры 13271 дана кітапты құрайды. Оның ішінде қазақ әдебиеттері  8602.                      

Мойынты ауылдық кітапхананың  2016жылғы кітап қоры – 13271  . Мойынты ауылдық кітапханасына оқырмандарды кітапханаға тарту барысында 2016 жылға орай әр түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Кітапхана қазіргі заманға сай құрал жабдықтармен қамтылған компютер, телефон, интернет бар.

     «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол.

      Оқушылар мен жас өспірімдерге,зейнеткерлерге, қызметкерлерге, жұмыскерлерге арналған газет журналдар бар айта кетсем «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Бал бұлақ»,  «Балдырған», «Алдараспан», «Бала би», «Дружные ребята», «Ұлан» «Отбасы және денсаулық», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам», «Мектептегі мереке» «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Алтын босаға»т.б

          Кітапханадағы жылжымалы кітапхана жұмысын тоқтатпай әрі қарай жалғастырады. Айына екі рет «Нұрәсем» шағын орталығына ертегі кітаптар мен балаларға арналған журналдар апарылып тұрады.

2016 жылы кітапханамызда көптеген көпшілік іс-шара  жұмыстары жоспарланып отыр.

     ЭКСПО 2016-2017 –жылға арнап «Бәріде болашақ үшін» атты зейнеткер, қызметкер, оқушылармен әңгіме «Болашак энергетикасы» атты кітап көрмесі. ұйымдастырылады.8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана». 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні«Наурыз –думан,Наурыз шаттық,мереке» ұйымдастырылады.  2016 жылы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне 25-жыл осы күнге орай «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» аты мерзімді басылымдарға шолу оқушылар және қызметкерлер арасында.

 

Өмірбаян

Мен Джасыбаева Жұмаш Неспек қызы 1987 жылы 1-ші шілде күні Жамбыл облысы Қордай ауданы,Өтеген батыр ауылында  дүниеге келдім.

1993 жылы Өтеген батыр атындағы №8-ші орта мектебіне 1-ші сыныпқа барып,2004 жылы бітірдім.

2009 жылы Қордай ауданында «Береке» колледжіне бастауыш сынып мұғалім мамандығына қабылдандым.

2012 жылы колледжі ойдағыдай аяқтадым.

2012 жылдан бастап Мойынты орта мектебінің шағын орталығында тәрбиеші қызметін атқардым.

2013 жылдан бастап Мойынты ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметіне қабылдандым. Қазіргі таңда Мойынты ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет істеудемін.

 

                               

 

                                                 

 


Келулердің саны: 4277

Жаңалықтар таспасы rss
28.11.2019

«Жаһандық ауқымдағы тұлға» атты оқырмандармен онлайн конференция өткізілді.

...

Тұңғыш Президент күніне орай Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінің №4 филиалының ұйымдастырумен 1 желтоқсан…

Толық

21.11.2019

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

...

Тұңғыш Президент  Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс…

Толық

15.11.2019

«Ұлттық валюта-теңге күні»

...

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен «Ұлттық валюта-теңге күні»…

Толық

14.11.2019

«Бір ел - бір кітап»

...

14 қараша «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен Әбділдә Тәжібаев…

Толық

12.11.2019

«Ел ертеңі –жасампаз жастармен» атты аудандық, кенттік, ауылдық жас кітапханашылардың арасында шеберлік сыныбы өтті.

...

      Шет аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Жастар жылы аясында…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif