Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Шет ауданының мәдениет саласы

...

Шет ауданының мәдениет саласының инфрақұрылымын 55 объекті құрайды. Аудан халқына 2 халық театры (Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр кентінде), 1 «Ақсу-Аюлы» халықтық ән-би ансамблі, 1 фольклорлық «Ақадыр әуендері»  ансамблі, 28 кітапхана, оның ішінде 9-ы «Жаңа үлгідегі» кітапханалар, 2 «Зерде» бейнемобилі, 2 мәдени-сауық орталығы (аудандық және Ақадыр кенттік), 23 клубтық үлгідегі үйлер, 1 мұражай филиалымен өз қызметтерін көрсетеді.

Аудан бойынша 2 мәдени-сауық орталығы бар:

1) Шет аудандық мәдени-сауық орталығы;

2) Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы.

            

         «Шет аудандық мәдени-сауық орталығы» КМҚК-ны құрылған. Орталыққа 24 ауылдық мәдениет және клуб үйлері қарайды.

1)    Аудандық мәдениет үйі.

Құрылған жылы  – 1975 жыл

Мекен-жайы - 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Ақсу-Аюлы ауылы, Жанғұтты би көшесі, 39

Жалпы аумағы   – 1325,8 м2

Жобалық аумағы  –  300 орындық,

орындықтар саны  – 271

Қызметкерлер саны  – 40

Жабдықталуы: – сапалы музыкалық аппаратура, LED экран, бейне бақылау жүйесі «Зерде» мобилі, автобус.

   Аудандық мәдениет үйі жанынан 1975 жылы Ақсу-Аюлы ән-би халықтық ансамблі құрылған. 1996 жылдың қазан айында республика байқауда «халық ансамблі» атағына ие болды. Ансамбльді ұйымдастыруда Алматыдан әнші-композитор Ә. Бейсеуов, ақын С. Сейтқазин шақырылып, үлкен жұмыстар атқарылды (1975). Аудан өнерпаздары ішінен әнші, биші, күйшілер іріктеліп алынды. Ансамбльді құруға Төлеубай Әбдіғалиев, сонымен қатар М. Омаров, С. Түсіпбеков, Ы. Төлегенов, А. Рашитов, К.Қасымбекова, С. Каппарова, 3. Сүйіндікұлы, Г. Ошақбаева, М. Медеуова, Б. Өтегенова т.б. атсалысты. Ансамбльдің табыстары теледидардан жиі көрсетіліп, жемісті еңбектері насихатталып отырды. Абай әндерін насихаттауда облыстық «Ұлытау үні» фестивалінің лауреаты, ансамбль әншілері А. Мұқашевтың, Б. Қойшыбаевтың, Е. Түсіпбековтің қосқан үлесі қомақты. Шет ауданы жерінде өткізіліп тұратын бүркітшілердін халықаралық «Салбуырын» сайысында ансамбль арнайы концерттік бағдарлама әзірлеп, облыс, республикадан және шетелдерден келген қонақтарға мәдени қызмет көрсетіп, ризашылыққа бөленді. Халық ансамблі жерлес ақын Маясар әндерін, күйші Қыздарбек, Сембектердің күйлерін дәріптеуде қосып жүрген үлесі аса елеулі. Ансамбльдің репертуары сан алуан. Ансамбль реперпуарынан қазақ халқының жұртшылықка кең танымал сазгерлерінің әндері мен күйлері: ҚұрманғазыТәттімбет,  Әбди, Динаның күйлері, Н. Тілендиев, Ш. Қалдаяқов және жергілікті композиторлардың әндері орын алған. Сонымен қатар, мәдениет үйі жанынан «Атамекен»  ансамблі, «Аюлы» квартеті, «Назерке» әншілер тобы,  әзіл-сықақ отауы мен «Өркен» эстрадалық тобы құрылған.

         2) Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы.

Мәдениет үйінің орналасқан мекен – жайы: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Тұякова көшесі – 10.

Мәдениет үйінің ғимараты 1977 жылы тамыз айында пайдалануға берілді.Ғимарат ынғайластырылған бір қабатты, алатын алаңы – 986,3 ш.м. «АстанаМоторс» кино-жабдығы, бейне  бақылау жүйесі, шағын автобусы бар

Мәдениет үйінде 235 орынды көрермендер залы, киім сақтайтын, дайындық жұмыстарын жүргізетін, дыбыс–жазу студия бөлмесі және қызметкерлер жұмыс жасайтын кабинеттер бар.

Мәдениет үйінде 8 үйірме ұжымдары жұмыс істейді; онда 180 адам қамтылған, 2 ұжым «Халықтық»:

-                     халық театры ұжымы

-                     халықтық «Ақадыр әуендері» ұлт аспаптар ансамбілі

Мәдени – сауық орталығының кент жұртшылығына мәдени–қызмет көрсетудін негізгі бағыттары:

-                     Халыққа көрсетілген мәдени қызметтің жариялылығын арттыру;

-                     Мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы ұлттық тәрбие дәстүрлерін қалыптастыру;

-                     Мәдени – сауық орталығы жұмыстарына методиқалық  жаналықтарды үнемі енгізе отырып, олардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне қол жеткізу;

-                     Мәдени – сауық орталығының материалдщық техникалықбазасын жақсарту;

-                     Халыққа корсетілетін мәдени қызметтің денгейін арттыру;

-                     Халықтың атақ алған өнер ұжымдарының жұмысын жандандыру;

-                     Халық арасында шыққан талантты жастарды өнерге тарту, өнерді дамыту.

Ақадыр мәдени-сауық орталығында төмендегіндей көркем өнерпаздар ұжымы жұмыс жасайды: халық театры, «Ақадыр  әуендері» ұлт аспаптар ансамбілі, «Балдаурен» бишілер тобы, «Асыл мұра» ардагерлер хор ұжымы, «Сударушки» орыс ұлттық ансамбілі, «Ақ әжелер» ансамбілі, «Дәстүрлі ән» және вокал үйірмесі.

         «Асыл мұра» ардагерлер хор ұжымы және «Сударушки» орыс ұлттық ансамбілі бірнеше рет облыстық аудандық фестиваль, байқаулардың лауреаты атанды.


Келулердің саны: 5959

Жаңалықтар таспасы rss
08.10.2019

орай «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

...

Қазан айының 8 жұлдызында аудандық орталық кітапханада мамандықтар бойынша, ұстаздар мерекесіне орай «Ұлылықтың басында ұстаз…

Толық

07.10.2019

«Қариясын қадірлеген ел бақытты»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-не қарасты барлық кенттік, ауылдық кітапханаларда 1 қазан қарттар күнінің…

Толық

04.10.2019

«Жастар –ел мақтанышы» атты кездесу кеші өткізілді.

...

Елбасының 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланғанынан кейін ауданымыздан шыққан, түрлі салада жетістік көрсетіп жүрген жастардың есімдері…

Толық

01.10.2019

«Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария» атты әдеби сазды кеші өтті.

...

       Қазан айының 1 жұлдызында аудандық орталық кітапханада қарттар күніне орай «Көп жасаған қария -ақылы теңіз…

Толық

26.09.2019

I Аудандық кітапханашылар фестивалі өтті

...

26 қыркүйек күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау және кітапханашылардың…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif