Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Босаға ауылдық кітапханасы

    Босаға ауылдық кітапхана 1983 жылы ашылған. Бірінші кітапханашы болып  Жарылгасинова Раушан жұмыс істеген.

    1987-1991 жылы Орынбекова Жадыра Каркеновна. 1991-1995 жылы Бердибекова Наталья Фатиховна жұмыс істеді. 1995 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана жабылды.

    2000 жылы Президентіміздің «Мәдениетті қолдау» жылына байланысты кітапхана қайта ашылды. Ауыл кітапханасы интернат ғимаратында орналасты.

    2002-2004 жылдары Абильдина Айша, 2004-2006 жылдары Жумакасова Манат Бекмырзаевна жұмыс істеді. Осы ашылған жылы кітап қоры 3344 дана болатын. 2006 жылы ғимараттың бұзылуына байланысты, әкім аппаратының 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді. 2006-2008 жылы Бакирова Боранкуль, 2008-2012 жылы Татубекова Зейнекуль Каргабаевна жұмыс істеді.

2012 жылдың қазан айынан бастап Букирова Зияда жұмыс істеді.

    Қазіргі таңда Босаға ауылының кітапханасында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мен Мадиева Динара Кайроллаевна жұмыс істеген. Жұмысының ауысына байланысты 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Букирова Зияда өз орнына шықты.

    Кітапхана  Айкумбекова көшесі №30 әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Пешпен жылытылады. Мерзімді басылымдар саны –24. Қазіргі таңда кітап қоры 5050 дана кітапты құрайды. Оның  3726 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 600 оқырманға қызмет көрсетеді, оның ішінде балалар 125 оқырман. Кітапханада 1 компьютер, 1 телефон нүктесі бар. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Кітапхана рухани – тарихи байлықтың көзі ретінде оқырмандарын өз өлкесін білуге, сүюге баулу мақсатында көлемі бойынша атағы шыққан, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сазгерлер туралы басылымдарды, ақпараттарды жинақтауда. Кітапхана қызметкерлері ауылдық мерекелерге, жарыстарға атсалыса қатысады. Кітапханада әдеби кештер, кездесулер, жарыстар, викториналар ұйымдастырылып өткізіледі. Кітапхананың қоғамда белсенділігін көтеру, кітапты халық арасында құрметін арттыру мақсатында кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, жергілікті баспа беттеріне шығады.


Келулердің саны: 1599

Жаңалықтар таспасы rss
07.08.2019

«Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісі» және «Әділ істің - арты игі» атты екі бөлімнен тұратын дөңгелек үстел отырысы өтті

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 17 күні «Көрісу - ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның…

Толық

08.07.2019

Астана күніне орай аудандық орталық кітапханада Жазғы кітапхана ұйымдастырып өткізді.

...

Жазғы кітапхана мақсаты елорда туралы әдебиеттер мен ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау,оқырмандарға таныстыру.     Жазғы…

Толық

05.07.2019

«Домбыра – халық жүрегінің айнасы»

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде шілде айының 1 күні «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты әдеби- сазды…

Толық

04.07.2019

«Өмірі өлеңге айналған халық ақыны»

...

Сағи  Жиенбаевтың туғанына 85 жылдығына орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл…

Толық

28.06.2019

«Ауылдық кітапханалар: даму бағыттары мен басымдықтары»

...

2 күнге созылған семинар Маусым айының 28-29  күндері   аудандық орталық кітапханада кенттік, ауылдық, орталық кітапханалардың…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

15.07.2015

... Кітапхана туралы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif