Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Мұстафаұлы Ермек

Мұстафаұлы Ермек 1917 жылы 6 қаңтар күні Шет ауданының қазіргі Бұғылы баурайында дүниеге келіп 1990 жылы дүниеден озды.Өнер  қайраткері, Сазгер, ақын, актер. С.Сейфуллин атындағы Қарағандының облыстық  драма театрында актер, әнші  болып  қызмет атқарды.Сол театрда 1941-1956 жж. Қазақстан  халық әртісі Мүлік Сүртібаевпен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлудаға» Қозының, «Қыз Жібектегі» Төлегеннің рөлдерін алмасып орынған болатын. Кеншілер сахнасында «Еңлік-Кебектегі» Кебектің, «Айман-Шолпандағы» Әлібектің, «Исатай-Махамбеттегі» Махамбеттің, «Ер Тарғындағы» Сақанның образдарын сомдайды.

Ермек Мұстафаұлының орындауында халық әндері және халық сазгерлері  Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай, Әсет, Балуан Шолақ, Абай, Мәди әндері бар. Сондай-ақ Мақтымқұлы, Омар һаям, Бұхар жырау, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Зейнеп, Соқыр Қақпан, Маясар сияқты ақындар  мұраларының жалынды насихатшысы. Ермек Мұстафаұлы көптеген шығармашылықпен айналысқан.

1964-1975 жылдары Шет ауданының Ақсу-Аюлы халық театрының режиссеры  болып қызмет атқарды. 1975 жылы  «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклін аудан халқына өте жоғары деңгейде көрсетіп, театрға  «Халық театры» атағын иелендірді.Бұл «Халық театры» атағын  Алматының драма театрының белгілі актерлары тағайындап кетті. Кеңес заманында Ермек Мұстафаұлы көптеген аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысты. Самат Мұсабеков, Рысқұл Жақанов және т.б. көптеген ақындармен айтысқа түсті. Көптеген өлеңдері және әндері  бар. «Бұғылы», «Туған жер», «Бөбегім», «Нұраталды», «Еңбек ері», «Сауыншы», «Арнау» т.б. жыр шумақтары бар.

Әр жылдары жазған өлеңдері аудандық «Ильич туы», облыстық «Советтік Қарағанды», республикалық «Лениншіл жас» газеті, «Жұлдыз» журналы, т.б. басылымдарда жарияланған.Еңбек  Қызыл  Ту, Құрмет  Белгісі  ордендерімен  марапатталған. Биыл 2017 жылы 6 қаңтарында Ермек Мұстафаұлына туғанына 100 жыл толды.


  • Келулердің саны: 6633

    Жаңалықтар таспасы rss
    22.06.2020

    «Бірінші байлық денсаулық»

    ...

    Медицина қызметкерлері күні меркесіне орай 19 маусым күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы…

    Толық

    18.06.2020

    «Дабылды жырдың дауылпазы»

    ...

    Құрметті оқырман назарларынызға Қасым Рахымжанұлы Аманжоловқа арналған «Дабылды жырдың дауылпазы» тақырыбында бейне сюжет ұсынылады.

    Толық

    15.06.2020

    "Құқық - өмір айнасы"

    ...

    Құрметті оқырман назарларыңызға "Құқық - өмір айнасы" атты бейнеролик ұсынамыз.  

    Толық

    11.06.2020

    "Дара тұлға"

    ...

    Құрметті оқырмандар! Назарларынызға Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған "Дара тұлға" атты бейнеақпарат ұсынамыз.

    Толық

    08.06.2020

    "Бір ел – бір кітап" акциясы

    ...

    Құрметті оқырман!Назарынызға "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша "Шоқтығы биік тұлғалар" тақырыбында кітап көрмесіне шолу ұсынамыз.Жыл…

    Толық

    Көп оқылған беттер
    22.06.2015

    ... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

    Толық

    24.07.2015

    ... Кітапхана құрылымы

    Толық

    08.02.2016

    ... Күйшілер

    Толық

    23.07.2015

    ... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

    Толық

    04.08.2015

    ... Басылымдар патшалығы

    Толық

    27.07.2015

    ... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

    Толық

    Интерактивтік сұрақ

    Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






    Нәтижелер



    Яндекс.Метрика

    gif