Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Сұрақ-жауап

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Сіздерде Шет шұғыласына 2010 жылы 6 мамырда шыққан Рашидованың ұстаз, ардагер Шәукей Жұқанов туралы мақаласының электронный түрі бар ма. Рахмет.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Алмас. Сіздің сұранысыңыз бойынша Шет шұғыласына 2010 жылы 6 мамырда шыққан Рашидованың ұстаз, ардагер Шәукей Жұқанов туралы мақаласының электронный түрі жіберілді.

Жұқанов Шәукей

Мерзімді басылым беттерінде:

Рашидова, Ж. Ұрпақтарың алдыңа келіп бас иді [Мәтін] / Ж. Рашидова // Шет шұғыласы, 2010.- 6 мамыр (№19).- 5 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Сіздерде «Шет өңірі шертпе күйдің қайнар бұлағы» атты 2015 жылы Шет шұғыласы газетіне шыққан мақаланың электронды нұсқасы бар ма.

Жауап:

Сәлеметсіз бе Жұлдыз. Сіздің сұранысыңыз бойынша «Шет өңірі шертпе күйдің қайнар бұлағы» атты 2015 жылы Шет шұғыласы газетіне шыққан мақаланың электронды нұсқасы жіберілді.

Шет өңірі шертпе күйдің қайнар бұлағы

Мерзімді басылым беттерінде:

Тойшыбек, Б. Шет өңірі шертпе күйдің қайнар бұлағы [Мәтін] / Тойшыбек // Шет шұғыласы, 2015.- 25 қыркүйек (№39).- 3 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Маған Ақадыр кентінің тумасы, ақын Алтай Сметтің шығармашылық өлеңдері керек. Электронды түрде, газеттегі өлеңдері. Рахмет.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Балшекер. Сіздің сұрағыңыз бойынша Ақадыр кентінің тумасы, ақын Алтай Сметтің газет беттеріне шыққан шығармашылық өлеңдерін электронды түрде (PDF) жіберіп отырмыз.

Смет Алтай

Мерзімді басылымдағы мақалалары:

Смет, А. Астанам деп мақтанам [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2012.- 5 шілде (№27).- 1 б.

Смет, А. Жаңа жылға жаңа тілек [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2012.- 5 қаңтар (№1).- 1 б.

Смет, А. Жан жарымен жарты ғасыр [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2017.- 16 наурыз (№11).- 5 б.

Смет, А. Қазақ хандығына – 550 жыл [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2015.- 9 шілде (№28).- 5 б.

Смет, А. Мен соғыс баласымын [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2019.- 9 мамыр (№19).- 4 б.

Смет, А. Өлең жолдары [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2015.- 19 наурыз (№11).- 5 б.

Смет, А. Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 – жылдығына арнау [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2014.- 18 қыркүйек  (№37).- 3 б.

Смет, А. Тіл тұғыры [Мәтін] /А. Смет // Шет шұғыласы, 2015.- 23 шілде (№30).- 7 б.

Сұрақтың мәтіні:

2019 жылғы Индустриальная Караганда, Казахстанская правда газеттеріндегі Рақышев Баян туралы газет мақалалары PDF түрінде керек еді. Рахмет.

Жауап:

Сәлеметсізбе, Аңсар. Сіздің сұранысыңыз бойынша 2019 жылы шыққан Индустриальная Караганда, Казахстанская правда газеттерінде академик Баян Рақышев туралы шыққан мақалаларды электронды түрде (PDF) түрінде жіберіп отырмыз.

Рақышев Баян

Мерзімді басылым беттерінде:

Бейсембетов, И. От техника – аналитика до академика [Текст] / И. Бейсембетов // Казахстанская правда, 2019.- 11 марта (№47).- С. 7

Майбас, Т. Ученый с именем [Текст] / Т. Майбас // Индустриальная Караганда, 2019.- 14 марта (№28).- С. 5

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Маған Өмір Кәріпұлының мақалалары электронды түрінде керек болып тұр.

Жауап:

Cәлеметсізбе, Адай. Сіздің сұранысыңыз бойынша Өмір Кәріпұлының мақалалары электронды (PDF) түрінде жіберілді.

Кәріпұлы Өмір

Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары:

Кәріпов, Ө. Табиғат алтын бесігің [Мәтін] / Ө. Кәріпов // Заман, 1998.- 5 қыркүйек (№33).- 3 б.

Кәріпұлы, Ө. Ақадыр вальсі [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман, 2007.- 30 қараша (№48).- 8 б.

Кәріпұлы, Ө. Балалық [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Орталық Қазақстан, 2015.- 19 қараша (№130 ).- 4 б.

Елім деп еміренген [Мәтін] // Шет шұғыласы, 2015.- 31 желтоқсан (№53).- 2 б.

Кәріпұлы, Ө. Жоғалып табылған махаббат [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті, 2011.- 17-23 маусым (№24).- 9 б.

Кәріпұлы, Ө. Қос өлең [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Орталық Қазақстан, 2015.-20 қазан (№169).- 6 б.

Кәріпұлы, Ө. Мезгіл әуендері [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Егемен Қазақстан, 2014.-30 шілде (№46).- 6 б.

Кәріпұлы, Ө. Өмір бәсекемен қызықты [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман, 1999.- 9 қаңтар (№2).- 3 б.

Кәріпұлы, Ө. Сағымды дала, сағынышты ғұмыр [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Шет шұғыласы, 2015.- 31 желтоқсан (№53).- 5 б.

Сұрақтың мәтіні:

Өмір Кәріпұлының "Серілер мен перілер" шығармасының электрондық нұсқасы бар ма? Қалай таба аламын? Алдын ала рахмет!

Жауап:

Кәріпұлы Өмір

Серілер мен перілер

Сәлеметсіз бе, Мақсат Мамырханұлы . Сіздің сұранысыңыз бойынша Өмір Кәріпұлының «Серілер мен перілер» шығармасының электрондық нұсқасын http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=423236&lang=kk  осы сілтеме арқылы, яғни (kazneb.kz) сайтынан оқып, жүктеп алуға болады.

Сұрақтың мәтіні:

Инфо про Хана Кара Еске

Жауап:

Хан Кара Еске (Кара Иссык)

Здравствуйте, Виктория. Приносим извинения, из-за технических неполадок не смогли Вам во время ответить. По вашему запросу найдена информация про Хана Кара Еске.

Қазақстан тарихы [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық . - Алматы : Аруна Ltd, 2006. - 499 б.

Также можете перейти по ссылкам:

http://advisor-work.blogspot.com/p/blog-page_2206.html

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%98%D1%81%D1%81%D1%8B%D0%BA_%D0%A5%D0%B0%D0%BD

http://wikiorg.ru/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%98%D1%81%D1%81%D1%8B%D0%BA_%D0%A5%D0%B0%D0%BD

https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1380231

Сұрақтың мәтіні:

Маған жоба бойынша жұмыс жасау керек еді. Соған бір жоба тақырыбын айтсаңыздар.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Гүлнұр Даулетбекқызы. Техникалық ақауға байланысты жауапты кешіктіріп бергенімізге кешірім өтінеміз. Сіздің сұранысыңыз бойынша жобаға тақырыптарды кітапхана қорындағы, төмендегі мерзімді басылым мақалаларынан және мына сілтемелер арқылы қарай аласыз және жобаларға тақырыптар, мысалы: «Өлкеміздің 100 кітабы», «Адам қолының шеберлігі», «Латын әліпбиі- рухани дамудың кепілі», «Отаным-жүрегімде» т.б.

Жоба тақырыптары:

Қабидолдин, Р.  Арқа төрінде - ақпараттық технологиялар [Мәтін] / Р. Қабидолдин // Орталық Қазақстан. - 2018. - 18 тамыз (№ 91). – 2 б.

Жұмаш, А. Өз бизнесіңді қалыптастыр қандай жоба [Мәтін] / А. Жұмаш // Айқын. - 2018. - 17 қараша (№ 175). – 9 б.

 

Ержанұлы, Е. Еуразияның біртұтас инновациялық экожүйесі: жобадан тәжірибеге [Мәтін] : [жаһандану дәуіріндегі цифырлық жүйе] / Е. Ержанұлы // Заң газеті. - 2019. - 5 ақпан (№ 9). - 1,4 б.

 

Турыстаева, А.  IT технологиялар ашықтықты қамтамасыз етуде [Мәтін] / А. Турыстаева // Заң. - 2019. - № 3. - 37-39 б.

 

Әбдіраш, Ә. Тың жобаның жемісі [Мәтін] / Ә. Әбдіраш // Орталық Қазақстан. - 2019. - 4 сәуір (№ 35). – 1 б.

 

http://kostanaytv.kz/kz/news/society/zhastar-zhyly-zhana-zhobalar-zhuzege-asyrylmak

http://www.altynakparat.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=63&Itemid=102&lang=kk

http://engime.org/jobani-tairibi-salt-piyasi-jobani-masati.html

Сұрақтың мәтіні:

Құтжанов, Ж. «Шет» деп қалай аталған [Мәтін] / Ж. Құтжанов // Ақиқат.- Алматы, 2008.- қараша (№110-111).- 14 б.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Айдархан Бекішұлы. Техникалық ақауға байланысты жауапты кешіктіріп бергенімізге кешірім өтінеміз. Сіздің сұранысыңыз бойынша Құтжанов Жұматайдың «Шет» деп қалай аталған мақаласының электронды түрі жіберілді.

Шет деп қалай аталған

Мерзімді басылым беттерінде:

Құтжанов, Ж.  «Шет» деп қалай аталған [Мәтін] / Ж. Құтжанов // Ақиқат.- Алматы, 2008.- қараша (№110-111).- 14 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сіздерден ғалым Абу Ханифаның өмірбаяны керек еді.Рахмет.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, Нуршат. Сіздің сұранысыңыз бойынша Абу Ханифа ғалымның өмірбаянын  және Абу Ханифа туралы кітапхана қорындағы әдебиеттер тізімі және қосымша мәліметтерді төмендегі сілтемеден алуға болады, осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Абу Ханифа

(Ғалым өмірбаяны)

Әбу Ханифа һижри жыл санауы бойынша 80 жылы (милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи) халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық тұсында дүниеге келген. Ата-бабасы Кабулдан қоныс аударған. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде, ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде өткізді.

Әбу Ханифаның әкесінің аты – Сәбит, атасының есімі – Зәута. Әбу Ханифаның ұлтын араб, набатей, түркі, т.б. дегендер кездескенімен, Әбу Захра оның дәулетті парсы әулетінен шықты деген көзқарасты көпшілік ғалымдар қолдайтынын айтады. Атасы Зәута Вавилонда туылған. Бір риуаят бойынша, арабтар ол жерлерді қол астына алғанда атасы тұтқынға түсіп, Тайм ұрпағынан Сағләбәның немесе Бәкірдің ұрпағы Уәйлдің құлы болып, кейіннен азат етілген десе, екінші бір риуаятта оның ата-бабаларының ешқашан құл болмағандығы айтылған.

Имам Әбу Ханифа мәуәли ғалымдары санатынан. Осы мәуәли ұғымына келсек, ол араб тіліндегі сөздікте «Қорғаушы, көмекші, ие, дос, азат етуші қожайын, азат етілген құл» деген мағыналарды береді. Ал термин ретінде ол – өз еркімен Исламды қабылдаған ұлты араб емес мұсылмандарға берілген атау. Ал олар екі топқа бөлінеді. Алғашқысы соғыста тұтқынға түсіп құл болған, кейін иесі азат еткен мәуәлиул-итақа, екіншісі – жаулап алынған елдердің арасында тұтқынға түскенімен құл болмаған, араб тайпаларының біреуімен келісіп, қоғамда беделін сақтау үшін күшті рулармен келісімге келіп, паналаған араб емес мұсылмандар. Оларды «Мәуәлиул-Ислам, мәуәлиул-муалат, мәуәлиул-ахд» деп атаған. Сондықтан, Әбу Ханифаның немересінің ант іше отырып, аталарының құл болмағандығын айтқанын ескерсек, Әбу Ханифаның әкесінің осы екінші топ мәулиден шыққанын айтуға негіз бар секілді. Әбу Ханифаның арғы атасы Мәрзубан (Мах) дәулетті кісі болған. Өйткені, мәрзубан – парсы тілінен аударғанда бай деген мағынаны білдіретін лақаб ат, әрі Пәхләуйлар мен Сасанидтер кезеңінде мәрзубан деген атақ аймақ басшыларына берілген атау.

Қалай дегенде де, атасының тұтқындалып, құл болуы ұзаққа созылмаған. Мұсылмандықты қабылдап, азаттығын алғаннан кейін аз уақыттың ішінде бұрынғы дәулеті мен беделіне қол жеткізген. Бұны атасы Зәутаның Куфада төртінші халифа хазірет Алимен (р.а.) жолығып, Наурыз мейрамында оған мухаллаба (тәтті) сыйлағанынан байқаймыз. Өйткені, ол кездері халифаға тек байлар ғана мухаллаба сыйлай алатын еді.

Осы жиында хазірет Али (р.а.) Зәутаның қасындағы баласы Сәбитке ізгі ұрпақ нәсіп болуын тілеп, «Аллаһ тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін!» деп дұға қылған. Имам Ағзамның немересі Исмаил ибн Хаммад «Біз осы дұғаның қабыл болғанына сенеміз», – дейді. Шын мәнінде, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұрпағын жалғастырған ілім дариясы хазірет Алидің дұғасы орындалып, барша мұсылман үмбетіне ізгі іс қалдырған Әбу Ханифа дүниеге келді. Бәлкім, Әбу Ханифаның Пайғамбар ұрпақтарына деген терең сүйіспеншілігінің астарында да осы дұға жатқан болар, кім білсін. 

Айта кететін жайт, атасы құл болсын, болмасын, Әбу Ханифаның өзі азат әкеден азат болып туылған. Атасының құл болып-болмауы оның білім денгейіне, абырой мен сый-құрметіне, тақуалығына көлеңкесін түсіре алмайды. Ол адамзат алдындағы мәртебе абыройға дәулеті немесе араб болмағанынан емес, қайта болмысындағы парасаттылық, тақуалық және ақылдылығының арқасында қол жеткізген.

Әдебиеттер тізімі:

Ағзам Әбу- Ханифа (имам) Әл-фиқһул әкбар (Ең үлкен фикһ) [Мәтін] / Ағзам Әбу-Ханифа (имам).- Алматы: Баспалар үйі, 2014.- 48 б.

 Ислам [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық: А-Я / Қазақстан Респбуликасы Байланыс және ақпарат министрлігі ; құраст.: Б. Аяған, Ж. Ибрагимов, Ж. Абдраманов. - Алматы : Аруна, 2010. – 591 б.

Адильбаев, А. Абу Ханифа и ханафитский мазхаб [Текст] / А. Адильбаев, Ш. Адильбаева. - Алматы : Көкжиек, 2014. – С. 443

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2292

Жаңалықтар таспасы rss
14.02.2020

«Ауған соғысындағы батырлар» атты патриоттық сағат өткізілді.

...

14 ақпан орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысындағы…

Толық

06.02.2020

«Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар кеші өткізілді.

...

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні аудандық орталық кітапханада ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың 175…

Толық

04.02.2020

«Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.

...

4 ақпан күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» атты ашық есік күні өтті.…

Толық

27.01.2020

«Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт кеші өткізілді.

...

 23 қаңтар күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Еріктілер жылына орай «Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт…

Толық

11.12.2019

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

...

11 желтоқсан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Қай саладағы кітапты жиі оқисыз?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif