Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Сұрақ-жауап

Сұрақтың мәтіні:

здравствуйте есть ли календарь знаменательных дат на год 2019

Жауап:

Здравствуйте. Приносим свои извинения за столь поздний ответ. Пройдите по ссылке 

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме. Өлке батыры Сеңкібай Оразғұлұлы туралы мақалалар электронды (PDF) түрінде керек еді?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Айкүміс.

Сіздің сұранысыныз бойынша өлке батыры Сеңкібай Оразғұлұлы туралы мақаларды электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз. Осы мәлімет сіздің электронды поштанызға жіберілді. 

Оразғұлұлы Сеңкібай

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Жаңқашұлы, Ж. Елдің пірі, ұрпақтың мақтанышы [Мәтін] / Ж. Жаңқашұлы // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2009.- 17 қыркүйек (№141).- 6 б.
  2. Жүкібай, М. Ұлы баба тұлғасы ұрпақ жүрегінде [Мәтін] / М. Жүкібай // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2006.- 14 қараша (№49).- 4 б.
  3. Мәкенбайұлы, К. Сеңкібай батыр Оразғұлұлы ел қорғаны болған [Мәтін] / К. Мәкенбайұлы // Қарқаралы.- 1992.- №7/8.- 3-11 б.

Сұрақтың мәтіні:

Ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер жайлы мағұлмат бармекен?

Жауап:

  Cәлеметсіз бе, құрметті Алдияр.

Сіздің сұранысыңыз жайында ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер  жайлы және әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылым тізімдерін жіберіп отырмыз.Осы әдебиеттер тізімдерінен ауданымыз бойынша шетелге барған бүркітшілер Тілеуғабыл Есенбеков пен Әліп Төребеков жайлы оқи аласыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Шет ауданы бойынша шетелге барған бүркітшілер:

  1. Есенбеков Тілеуғабыл
  2. Төребеков Әбіш

Есенбеков Тілеуғабыл

Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Тілеуғабыл Есенбеков бүркітішілер ұрпағы. Ол бүркітшілер арасында өткізілген «Салбурын» халықаралық байқауын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Ақсақал бүркітпен аң аулауға арналған түрлі жабдықтарды мұрайжайға табыс етті: томаға, балдақ, жем сапты аяқ, аңға арналған киім, кітаптар мен түрлі халықаралық байқаулардан жиналған суреттер. Ол өзінің топтамасын бірнеше жыл бойы жинаған. «Бұл менің рухани жаңғыру бағдарламасына қосқан аздаған үлесім», – дейді өмірінің 30 жылын бүркітшілікке арнаған азамат. Ол Аустрияға құсбегілер жарысына отбасымен барып, қазақтың төл өнерін паш етті және Арқа жерінде бүркітшілер мектебін ашты.

Деректі фильмдердің өзі де бірталай түсірілген. Бір топ нөкерлерімен Австрияға ұшып барып, талай уақыт жатып, қазақтың саяткерлік өнерін паш етіп қайтты. Зальсбург, Розенбургте саятшылықтан шоу өткізіп қайтты. Бүркіт, ат тәрбиелеп баптады.

 

Тілеуғабыл Есенбеков жайында мына әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылымдар тізімдерінен оқи аласыз:

 

  1. Асқар, Н. Қыс қызығы - қансонар[Мәтін] / Н. Асқар // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2012.- 16 ақпан (№27-28).- 8 б.
  2. Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] : мақалалар, деректер / К. Жүністегі.- Алматы: Ел-шежіре, 2007.- 262-263 б.
  3. Мұқаш, Қ. Салбыруын [Мәтін] : (Таңсәріден іңірге дейін) : роман-эссе / Қ. Мұқаш.- Қарағанды : Арко, 2013.- 240 б.
  4. Тойшыбек, Б. Құсбегі [Мәтін] / Б. Тойшыбек // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2013.-14 қараша (№46).- 5 б.
  5. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 163 б. 

 

                                                                            Төребеков Әліп

 

Құсбегілік өнермен 1997 жылдан бастап тұрақты айналысады. Ұлттық ат спорт түрлері бойынша ОБЖ «Қайрат» мектебінде «Саят» бөлімінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, спорт шебері. 2007 жылы шілде айының 14-15 күндерінде өткен Ұлыбритания елінде Лондон қаласында өткен дүниежүзілік құсбегілер фестивалінде 33 мемлекет арасынан I – орын жүлдегері атанды.

Қазақтың төл өнері қыран бүркітті баптап, насихаттап үлесін қосып жүрген азамат. Саятшылықтан «Сонар – 2012» және Алматы қаласында Әбен Тоқтасынұлын еске алуға арналған Қазақстан Республикалық жарыста I – орын иеленді.

 

Әліп Төребеков жайында мына әдебиеттер тізімдері мен мерзімді басылымдар тізімдерінен оқи аласыз:

  1. Әлбозым, Д. Қазақ бүркітшілігінің әліппесі [Мәтін] : / Д. Әлбозым .- Алматы: Қазақпарат, 2013.-231 б.    
  2. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 357 б. 

 

 



 

 

 

 

 

 




Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр Ботай Байзақов туралы өмірі мен мақалалар деректері электронды түрде керек еді.

Жауап:

   Сәлеметсіз бе, Назерке ханым.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, Даңқ орденінің толық иегері Ботай Байзақов туралы өмірбаянын және мерзімді басылымдардағы мақалаларын электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді. 

 

Байзақов Ботай

ӨМІРБАЯН

 Байзақов Ботай 1922 жылғы 23 ақпанда Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданының Энгельс атындағы шаруашылығы аумағындағы, шаруа отбасында дүниеге келген. Байзақов Ботай Қарағанды қаласындағы Жамбыл орта мектебінде оқып, бес сыныптық білім алады. Еңбек жолын Шет ауданының «Нұраталды» совхозында жұмыскер болып бастайды.

1942 жылдың 25 маусымында Шет ауданының әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылады. Осы күннен бастап Байзақов үшін әскери өмір басталады. Ботай Байзақов алғашқы соғыс қимылдарына барлаушы ретінде Москваның Оңтүстік батысындағы аудандарда қатысады. 286 – шы атқыштар дивизиясының 860 полкінде пулеметші, бронь талқандаушы (РПТР бағыттаушысы) және атқыштар бөлімінің командирі болады. Соғыста батырлық пен батылдық танытып, қандай тапсырма болсын жанқиярлықпен орындап, көзге түсті. Белорус майданында, Друть өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, ал 220 биіктік үшін болған соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Соғыстағы ерліктері үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен наградталған. Сұрапыл соғыс уақытында Ботай Байзақовқа III дәрежелі Даңқ ордені екі мәртебе берілген. Негізінде, Даңқ орденінің статусы бойынша ең алдымен үшінші, екінші, соңында бірінші дәрежелі орден тапсырылуы керек еді. Бұл қателік 39 жылдан соң түзетіліп, Ботай Байзақовқа 1984 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы бойынша I дәрежелі Даңқ Ордені табыс етіледі. Ол орден Германия жеріндегі танктерді жойғаны үшін берілді. Осылайша Ботай Байзақов Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Қаһарман жауынгер 1946 жылы әскер қатарынан босаған соң еліне, «Нұраталды» шаруашылығына оралып, өмірінің ақырына дейін осында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Батыр құрметіне Нұраталды ауылында бір көше Ботай Байзақов көшесі деп аталады. Ботай Байзақов 1995 жылдың 22 тамызында қайтыс болды. Нұраталды ауылдық округінде, Шопа селосында жерленген.

 Әдебиеттер тізімі:

  1. Салауатов, Т. Байзақов – Даңқ орденінің толық иегері [Мәтін] / Т. Салауатов // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2005.- 17 қыркүйек (№155).- 3 б.
  2. Шет ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. – 120-121 б. 
  3. Байзаков Ботай [Текст] : [К 70-летию Победы] // Индустриальная Караганда.- 2014 .- 23 августа (№147-148).- С.3
  4. Солдаты Победы. Карагандинцы в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. [Текст] : 70 летию Великой Победы посвящается / Карагандинский областной совет ветеранов.- Караганда: Карагандинская Полиграфия, 2015.- С.423

 

 

Байзақов Ботай

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Салауатов, Т. Байзақов – Даңқ орденінің толық иегері [Мәтін] / Т. Салауатов // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2005.- 17 қыркүйек (№155).- 3 б.
  2. Байзаков Ботай [Текст] : [К 70-летию Победы] // Индустриальная Караганда.- 2014 .- 23 августа (№147-148).- С.3

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың мәтіні:

Шортанбай жырау өлеңдері керек еді

Жауап:

Құрметті Қаракөз. Сіздің сұранысыңыз бойынша жырау Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

 

Қанайұлы Шортанбай өлеңдері:

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Қабылдаұлы, С. Шортанбайдың Жанғұттыға айтқан ақтық сөзі [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Қауырсын, 2008.-11-12 қыркүйек (№10-11).- 14 б.
  2. Қанайұлы, Ш. Заманың кетті баяғы [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 19 сәуір (№17).- 1 б.
  3. Қанайұлы, Ш. Зар заман [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 16-29 б.
  4. Қанайұлы, Ш. Қай заман [Мәтін] / Ш. Қанайұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2018.- 12 сәуір (№16).- 1 б.
  5. Қожабеков, Р. Шортанбай жырау Қанайұлы [Мәтін] / Р. Қожабеков // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 1989.- 17 желтоқсан (№289).- 2 б.
  6. Сағымбеков, Р. Шортанбай жырау Қанайұлы [Мәтін] / Р. Сағымбеков // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 11-15 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіз бе! Маған жазушы Рымқұл Сүлейменовтың әдебиеттерінің тізімі және Р.Сүлейменов туралы мақалалар (мерзімді басылымдар) тізімі керек еді.

Жауап:

  Cәлеметсізбе, құрметті Асел.

Сіздің сұранысыңыз бойынша жазушы Рымқұл Сүлейменовтың әдебиеттер тізімін және Сүлейменов туралы мақалалар,яғни мерзімді басылымдар тізімін ұсынып отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Сүлейменов Рымқұл

Әдебиеттер тізімі:

Шығармалары:

  1. Сүлейменов, Р.  Алашым – аңсағаным [Мәтін] : повесть, әңгімелер мен новеллалар  /  Р. Сүлейменов .-  Қарағанды:  Қарағанды, 1991.- 264 б.
  2. Сарыарқа саңлақтары [Мәтін] : Қарағанды өңірінде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан халық дарындыларының өмірі мен өнері туралы.- Павлодар:  ЭКО  ҒОФ, 2007.- 316 б.
  3. Сүлейменов, Р.  Жан шуағы [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Р. Сүлейменов.- Алматы:  Айдана, 2008.- 448 б.
  4. Сүлейменов, Р. Жан шуағы [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / Р. Сүлейменов;  Қарағанды  облысының  әкімдігі.- Астана:  Фолиант, 2014.- 320 б.- (Сарыарқа кітапханасы)

 

Мерзімді басылымдар беттерінде:

  1. Жүністегі, К. Жазушы шыңы [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 18 мамыр (№21).- 3 б.
  2. Жұқанұлы, Ш.  Алаштың азаматы [Мәтін] / Ш. Жұқанұлы // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2006.- 5 қазан (№41).- 4 б.
  3. Рымқұл Сүлейменов [Мәтін] : некролог // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2007. - 21 сәуір (№ 60-61).- 7 б. 
  4. Жанысбай, С. Жаныңды шуаққа бөлеген [Мәтін] / С. Жанысбай  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2008.- 30 қыркүйек (№151).- 4 б. 
  5. Жанысбай,С. Бәріміз құрметтеген Рекең [Мәтін] / С. Жанысбай //  Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2012.-21 сәуір (№66-67).- 6 б. 



Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Маған өлкенің батыры Дербісалы Айдаболұлы туралы мақалалар электронды ( PDF ) түрінде керек еді.Рахмет.

Жауап:

 Сәлеметсізбе Гульназ! Сіздің сұранысыңыз бойынша өлкенің батыры Айдаболұлы Дербісалы туралы  газет беттеріне шыққан мақалаларын электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз.

Айдаболұлы Дербісалы

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Әрінұлы, М. Дербісалы батырға ас берілді  [Мәтін] / М. Әрінұлы // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2013.- 25 маусым (№105).- 4 б. 
  2. Дербісалы батыр қоры ашылды [Мәтін] / Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.- 26 сәуір (№17).- 5 б.
  3. Дербісалы батыр толғауы [Мәтін] / Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.- 11 қаңтар (№2).- 5 б.
  4. Жақсыбекұлы, С. Ардақара [Мәтін] / С. Жақсыбекұлы  // Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.-14 маусым  (№24 ) .- 5 б.
  5. Қабылдаұлы, С.  Баба басындағы бәтуа [Мәтін] / С. Қабылдаұлы  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2006.- 28 қараша (№199).- 8 б.
  6. Құлсарықызы, Г. Дербісалы батыр [Мәтін] / Г. Құлсарықызы  //  Шет  шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2008.- 3 шілде (№29).- 5 б.
  7. Мұсатай, Ғ.  Арқаның атақты батыры [Мәтін] / Ғ. Мұсатай  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2007.- 3 сәуір (№18).- 4 б.

Сұрақтың мәтіні:

Шәкәрім Құдайбердіұлы жайында мақалалар тізімі бар ма?

Жауап:

  Сәлеметсіз бе, құрметті Мөлдір.

Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы жайында газет беттеріне шыққан мақалалар тізімін жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

 

Құдайбердіұлы Шәкәрім

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Анаш, Д.   Дала даналары [Мәтін] / Д. Анаш // Егемен Қазақстан.- Астана, 2013.- 23 тамыз (№196).- 10 б.
  2. Байдәулет, Қ. Фиельструптің ғасырлық сыйы [Мәтін] Қ. Байдәулет // Айқын.- Алматы, 2014.- 8 қазан (№181).- 8 б.
  3. Бодаубай, Б.   Шәкәрім қажы.Тергеуші Өміртай және ОГПУ өкілі Борисов [Мәтін] / Б. Бодаубай // Егемен Қазақстан.- Астана, 2015.- 27 мамыр (№97).- 8 б.
  4. Қайратұлы, Б. Қажының фотосы қалай табылды [Мәтін] / Б.Қайратұлы // Егемен Қазақстан.-Астана, 2018.- 26 қаңтар (№18).-12 б.
  5. Қиықбай, Қ.   Шәкәрім жылы - Шәкәрімтану шыңы [Мәтін] / Қ. Қиықбай // Айқын.- Алматы, 2018.- 31 қаңтар (№17).- 8 б.
  6. Мұратқызы, Ш. Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты [Мәтін] / Ш. Мұратқызы // Түркістан.- Алматы, 2018.- 1 ақпан (№5).- 9 б.
  7. Мырзахметұлы, М. Абайдың бас шәкірті [Мәтін] / М. Мырзахметұлы // Түркістан.- Алматы ,2014.- 10-17 шілде (№27-28).- 15 б.
  8. Нәсенов, Б. Шәкәрім өлімінің құпиясы [Мәтін] / Б. Нәсенов // Айқын.- Алматы, 2013.- 12 қаңтар (№4).- 5 б.
  9. Омаров, А.   Шәкәрім өмірбаяны [Мәтін] / А. Омаров // Егемен Қазақстан.- Астана, 2013.- 26 маусым (№156).- 7 б.
  10. Омаров, А. Шәкәрімнің иман жолы [Мәтін] / А. Омаров // Астана ақшамы.- 2013.- 31 қазан (№123).- 11 б.
  11. Тәшенов, Т. Меккеге пойызбен барған Қажы [Мәтін] / Т.Тәшенов // Айқын апта.- Астана, 2013.- 16 мамыр (№84).- 6 б.
  12. Хасан, С.   Шәкәрім неге мұтылған [Мәтін] / С. Хасан // Айқын.- Алматы, 2015.- 21 мамыр (№90).- 25 б.
  13. Shakarim.kz сайты ашылды [Мәтін] // Егемен Қазақстан.- Астана, 2018.- 1 қаңтар (№1).- 5 б.

 

 

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме? Маған ақын Жәкен Байтуовтың газет беттерінде шыққан мақалалары керек еді.Электронды ( PDF) түрінде жібересіз бе!

Жауап:

 Cәлеметсіз бе, құрметті Айжан.

Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын Жәкен Байтуовтың газет беттеріне шыққан мақалаларын электронды ( PDF ) түрінде жіберіп отырмыз.

Байтуов Жәкен

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Байтуов, Ж. Келіп ем, Қарасаздан қанат самғап [Мәтін] / Ж. Байтуов // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2013.- 14 ақпан (№7).- 5 б.
  2. Жаңа кітап [Мәтін] // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2015.- 2 шілде (№27).- 2 б.
  3. Төлеуғазыұлы, Б. Жақсылардың жалғасы еді [Мәтін] / Б. Төлеуғазыұлы // Шет шұғыласы.- Ақсу-Аюлы, 2016.-14 шілде (№28).- 5 б.
  4. Шайкин, М. Жыр сомдаған Жәкен ақын [Мәтін] / М. Шайкин // Орталық Қазақстан, 2015.- 17 қаңтар (№5).- 6 б.
  5. Шәйке, М. Жыр сомдаған Жәкен ақын [Мәтін] / М. Шәйке // Шет шұғыласы.-Ақсу-Аюлы, 2015.- 10 қыркүйек (№37).- 3 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме! Маған Жаңғұтты би жайлы мерзімді басылым тізімі немесе газет көшірмесі керек еді?

Жауап:

 Сәлеметсіз бе, құрметті Айгуль.

Сіздің сұранысыңыз бойынша Ботантайұлы Жанқұтты би туралы мерзімді басылым беттеріне шыққан тізімін және газет көшірмесін, яғни электронды (PDF) түрінде жіберіп отырмыз.

Ботантайұлы Жанғұтты

Мерзімді басылым беттерінде:

1.   Амандықұлы, Т. Баба рухымен сырласу [Мәтін] / Т. Амандықұлы // Заман.- Ақсу-Аюлы, 1999.- 1 қаңтар (№1).- 3 б. 

2. Жүністегі, К. Жақсы Жанғұтты [Мәтін] / К. Жүністегі // Орталық Қазақстан.- Қарағанды ,1998.- 31 қаңтар (№15).- 6 б.

 

Жаңалықтар таспасы rss
18.06.2020

«Дабылды жырдың дауылпазы»

...

Құрметті оқырман назарларынызға Қасым Рахымжанұлы Аманжоловқа арналған «Дабылды жырдың дауылпазы» тақырыбында бейне сюжет ұсынылады.

Толық

15.06.2020

"Құқық - өмір айнасы"

...

Құрметті оқырман назарларыңызға "Құқық - өмір айнасы" атты бейнеролик ұсынамыз.  

Толық

11.06.2020

"Дара тұлға"

...

Құрметті оқырмандар! Назарларынызға Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған "Дара тұлға" атты бейнеақпарат ұсынамыз.

Толық

08.06.2020

"Бір ел – бір кітап" акциясы

...

Құрметті оқырман!Назарынызға "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша "Шоқтығы биік тұлғалар" тақырыбында кітап көрмесіне шолу ұсынамыз.Жыл…

Толық

04.06.2020

«Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық мен үшін»

...

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Ұлағат» қазақ тілі…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif