Жоғары
«ШЕТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Сұрақ-жауап

Сұрақтың мәтіні:

Здравствуйте есть ли у вас книги французских писателей Жюль Верна , Антуан де Сент-Экзюпери , Луи Арагон и Морис Дрюона ?

Жауап:

 

Здравствуйте, уважаемая Акерке.

По вашему запросу предлагаем вам список литературы французских писателей, которые имеются в наличии фонда в нашей библиотеке: Жюль Верн, Морис Дрюон, Антуан де Сент-Экзюпери. Эти сведения направляем на вашу электронную почту.

Список книг французских писателей:

  1. Верн, Ж.  Двадцать тысяч лье под водой. Кругосветное путешествие в морских глубинах [Текст] : роман : пер. с фр. / ил. Л. Фалина.- Ж. Верн.- М.: Джулия, 1992.- С.448
  2. Верн, Ж.  Собрание сочинений [Текст] : в 50-ти т. / Ж. Верн.-М.: Дайджест, 1992.-Т.2 : Дети капитана Гранта : пер. с фр. / сост. А. В. Кукаркин.- 1992.- С. 560 : ил.- (Необыкновенные путешествия и приключения)
  3. Верн, Ж.  Собрание сочинений [Текст] : в 8-ми т. / Ж. Верн.-М. : Правда, 1985.- Т.2 : С Земли на Луну : прямым путем за 97 часов 20 минут. Вокруг Луны : романы / сост. Н. Н. Жегалов.- С. 350
  4. Верн, Ж. Собрание сочинений [Текст] : в 8-ми т. / Ж. Верн.-М.: Правда, 1985.- Т.3 : Путешествие и приключения капитана Гаттераса : роман / сост. Н. Н. Жегалов.- С. 398
  5. Верн, Ж. Пятнадцатилетний капитан [Текст] : роман : пер. с фр. / Ж. Верн; ред. П. Гуров; авт. послесл. Евг. Брандис.- М.: Детская литература, 1986.- С. 351 : ил.- (Библиотечная серия)

 

  1. Дрюон, М. Железный король [Текст] : [исторический роман] ; Узница Шато-Гайара : [исторический роман] / М. Дрюон; пер. с фр. Н. Жарковой.- Чимкент : Аурика, 1992.- С.490 – (Проклятые короли)
  2. Дрюон, М. Крушение столпов [Текст] : роман : пер. с фр. / М. Дрюон ; пер. Н. Н. Кудрявцева ; худож. Г. К. Самойлов.- М. : Республика, 1992.- С. 286
  3. Дрюон, М. Узница Шато-Гайара [Текст] : роман. Кн. II : пер. с фр. / М. Дрюон ; пер. Н. Жаркова.- Саратов : Изд-во Сарат. Ун-та, 1991.- С. 224 – (Проклятые короли)
  4. Дрюон, М. Французская волчица. Лилия и лев [Текст] : романы : пер. с фр. / М. Дрюон ; пер. Н. Жаркова.- М.: Дружба народов, 1992.- С. 383 – (Проклятые короли)
  5.  Дрюон, М. Яд и корона. Негоже лилиям прясть [Текст] : исторические романы. Кн.III : пер. с фр. / М. Дрюон ; пер. Н. Жаркова.- МП : Аурика, 1992.- С. 461- (Проклятые короли)

 

  1. Сент-Экзюпери, А. (де). Южный почтовый. Ночной полет. Планета людей. Военный летчик. Письмо заложнику. Маленький принц. Пилот и стихии [Текст]: сборник; пер. с фр./А. Сент-Экзюпери; авт. предисл. М.Галлий; авт. примеч. С. Зенкин; худож. Г. Клодт. – М.: Художественная литература, 1983. – С. 447

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың мәтіні:

Cалметсіздерме сіздерде елбасының былтырғы және биылғы жолдаулары туралы газеттер тізімі бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе,құрметті Дилнура.

Сіздің сұранысыңыз бойынша 2015, 2017 жылғы Елбасының Жолдауы туралы газеттер тізімдерін мерзімді басылымдар беттеріне (яғни газеттер беттеріне) шыққан тізімдерін жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы   ( Жолдау – 2017)

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Ахмеджанова, Ж.   Елбасы міндеті - елдің ертеңі [Мәтін] / Ж. Ахмеджанова  // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2017.- 2 ақпан (№13).-2 б.
  2. Әлемдік қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын құптайды [Мәтін] // Айқын.- Алматы, 2017.- 31 қаңтар (№14).-4 б.
  3. Дамудың даңғыл жолы қалыптасты [Мәтін] // Айқын.- Алматы, 2017.- 31 қаңтар (№14).-5 б.
  4. Назарбаев, Н. Ә.     "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" [Мәтін] /  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә.Назарбаев  // Егемен Қазақстан.- Астана, 2017.- 31 қаңтар (№20).-1-3 б.
  5. Назарбаев, Н. Ә.     "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" [Мәтін] : Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев  // Егемен Қазақстан.- Астана, 2017.- 31 қаңтар (№20).-1-3 б.; Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2017.- 2 ақпан (№13).-13 б.; Айқын.- Алматы, 2017.- 31 қаңтар (№14).-1-2 б.
  6. Нұр Отан: Үшінші жаңғыру - жетістік кілті [Мәтін] // Айқын.- Алматы, 2017.- 31 қаңтар (№14).-3 б.
  7. Экономикалық өсімнің жаңа моделі [Мәтін] // Айқын.- Алматы, 2017.- 1 ақпан (№15).-3 б.

 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Жолдау – 2016)

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Бекназаров, Б.     Жолдау жолдары [Мәтін] / Б. Бекназаров // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 2 желтоқсан (№231).-2 б.
  2. Кекілбайұлы, Ә.   Ел болып еңсереміз [Мәтін] / Ә. Кекілбайұлы // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 1 желтоқсан (№230).-10 б.
  3. Назарбаев, Н.Ә.   Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә.Назарбаев  // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 1 желтоқсан (№230).-1-8 б.
  4. Назарбаев, Н.Ә.   Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә.Назарбаев // Орталық Қазақстан.- Қарағанды ,2015.- 1 желтоқсан (№201-202).-1-3 б.
  5. Қасенов, Е.   Жолдау жолдары [Мәтін] / Е. Қасенов // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 2 желтоқсан (№231).-2 б.
  6. Нысанбаев, Е.   Жолдау жолдары [Мәтін] / Е. Нысанбаев // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 2 желтоқсан (№231).-3 б.
  7. Сұлтанов, Б.   Жолдау жолдары [Мәтін] / Б. Сұлтанов // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 2 желтоқсан (№231).-2 б.
  8. Сыздықов, Е.   Елдік абыройы [Мәтін] / Е. Сыздықов // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 1 желтоқсан (№230).-11 б.
  9. Сыздықов, Т.   Жолдау жолдары [Мәтін] / Т. Сыздықов // Егемен Қазақстан.- Астана ,2015.- 2 желтоқсан (№231).-3 б.
  10. Түкбаева, А.    Жарқын келешекке - айқын істермен [Мәтін] / А. Түкібаева // Орталық Қазақстан.- Қарағанды ,2015.- 8 желтоқсан (№206).-3 б.
  11. Шәріп, А.    Халық пен биліктің бірлігін көрсеткен Жолдау [Мәтін] / А. Шәріп // Айқын.- Алматы ,2015.- 1 желтоқсан (№225).-6 б.

 

Сұрақтың мәтіні:

А. Сейдімбектің мақалалары бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Күміс.

 Сіздің сұранысыңыз бойынша жазушы, этнограф, ғалым Ақселеу Сейдімбек туралы жазған мақалаларын және жазушы жайында(ол туралы) жазған мақалаларды яғни мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларды жіберіп отырмыз және осы мақала сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

Сейдімбеков Ақселеу

Мақалалары:

  1. Сейдімбек, А. Наймантайұлы Байғозы батырдың туғанына 300 жыл [Мәтін] /А. Сейдімбек //Заман.- Ақсу-Аюлы, 2007.- 5 тамыз (№33).- 6 б.
  2. Сейдімбек, А. Тұяқ шешен туралы не білеміз [Мәтін] / А. Сейдімбек // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2014.- 22 ақпан (№36-37).- 7 б.

 

Ол туралы:

  1. Ақсұңқарұлы, С. Facebook-тегі фәни жалған [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан.- 2017.-16 мамыр (№ 52).-6 б.
  2. Балмұрат, О.  Елбасы һәм ел зиялылары [Мәтін] / О. Балмұрат // Егемен Қазақстан.- Астана ,2017.-10 наурыз (№49).-12 б.
  3. Бектас,  Г.  Асекем Ақселеудей азамат болса, арманым жоқ [Мәтін] / Г. Бектас // Айқын.- Алматы, 2015.- 30 сәуір (№78).- 21 б.
  4. Елордада Ақселеу Сейдімбекті еске алу кеші өтті [Мәтін] // Төртінші билік.- Астана, 2016.- 29 ақпан (№4).- 6 б.
  5. Иманбаева, С.   Іргетас болар идея [Мәтін] / С. Иманбаева // Айқын.- Алматы, 2015.- 29 қаңтар (№17).- 30 б.
  6. Мұсабек, Е.  Гумилев пен Сейдімбек [Мәтін] / Е. Мұсабек  // Орталық Қазақстан. - 2017. - 15 сәуір (№ 41).- 4 б.
  7. Оралбайұлы,  Ө.  Ұлытаудың басында ұлыған жел [Мәтін] / Ө. Оралбайұлы // Егемен Қазақстан.- Астана, 2014.- 4 ақпан (№23).- 7 б.
  8. Сәрсенбай, Қ.    Дәурен-ай [Мәтін] / Қ. Сәрсенбай // Орталық Қазақстан.- Қарағанды, 2013.- 19 қазан (№177-178).- 8 б.
  9. Сембай, М.Селеу [Текст] / М. Сембай // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 қаңтар (№ 1).- 6 б.
  10. Түкібай,  Б.   Алаштың Ақселеуі [Мәтін] / Б. Түкібай // Түркістан.- Алматы, 2012.- 13 желтоқсан (№50).- 9 б.

Сұрақтың мәтіні:

Құрметті кітапханашылар, Күй атасы дәулескер күйші Әбікен Хасенұлының туғанына биыл 120 емес 125 жыл екенің дәлелдеген күйші Қайролла Садуақасовтың "Бұл кешірілмейтін күнә!" атты мақаласын (PDF) электорнды түрде жасап көмек көрсетулеріңізді сұраймын.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Айша!

 Сіздің сұранысыңыз бойынша күйші-композитор Әбікен Хасенұлы туралы мақаланы электронды түрінде ( PDF ) жіберіп отырмыз және осы мақаланы сіздің электронды поштаңызға жіберіп отырмыз.

Хасенов Әбікен

Әлиман, Ж. Бұл кешірілмейтін күнә [Мәтін] / Ж. Әлиман // Орталық Қазақстан.- 2017.- 4 мамыр (№48).-4 б.

 

 

Сұрақтың мәтіні:

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың газет беттеріне шыққан мақалалар тізімі керек еді. Алдын ала рахмет

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Самал!

 Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың газет беттеріне шыққан мақалалар тізімін жіберіп отырмыз және де осы мәлімет сіздің электронды почтаңызға жіберілді.

        Торайғыров Сұлтанмахмұт

       Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Абетжанова,  Э. Алаш деп ұран салған [Мәтін] / Э. Абетжанова // Ана тілі.- Алматы, 2013.- 25 сәуір-2 мамыр (№17).-3 б.
  2. Әбдіқалық,  Қ. Сұлтанмахмұт және «қазақ» газеті [Мәтін] / Қ. Әбдіқалық  // Қазақ.- Алматы, 2013.- 24-31 мамыр (№21-22).-7 б.
  3. Биназартегі, А. Кемеңгердің кемел ойы [Мәтін] / А. Биназартегі // Үркер.- Астана, 2016.- қыркүйек (№9).-41-45 б.
  4. Дәуіт, О. Сұлтанмахмұт шығармалары жыл таңдауы атанды [Мәтін] / О. Дәуіт // Егемен Қазақстан.- Астана, 2017.- 28 ақпан (№41).-12 б.
  5. Сәрсембин, Ү. Текті тұлғадан текті ұлтқа дейін [Мәтін] / Ү. Сәрсембин // Ақиқат.- Алматы, 2017.- сәуір (№4).- 22-29 б.
  6. Талғатқызы, Г. Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы [Мәтін] / Г. Талғатқызы // Қазақ.- Алматы, 2013.- 6 желтоқсан (№49).- 5 б.
  7. Таңдау Торайғыровқа түсті [Мәтін] // Астана ақшамы.- 2017.- 28 ақпан (№24).- 5 б.

     

Сұрақтың мәтіні:

өмірі мен шығармалары керек еді?

Жауап:

Сәлеметсізбе, құрметті Арайлым!

 Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын, драматург  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы мен кітапхана қорындағы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын жолдаймыз және осы мәлімет сіздің электронды почтаңызға жіберілді.

 

                                                                      Сұлтанмахмұт Торайғыров

                                                                             (Өмір жолы)


     Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады.
      Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

     Он екі жасында-ақ тауды тесіп, тасты жарып шыққан қайнардай бұрқ етіп өлең-жыр шумақтаған балдырған Сұлтанмахмұт 17 жасында туған халқының өмір сырына үңіліп, келешегін ойлайды. Шындықтың аулын іздеп жолға шығады.

     Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған төменде айтып кеткен үш төңкеріс, ол Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.
     Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Ақынның өз басы да, әдеби мұрасы да дау-дамайға көп түскені мәлім. Осындай уақытта ақынның кейбір өлеңдері жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда барының кейбірі ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып, қайта жабылды. Сондай шығармасының бірі- «Айтыс» (қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны) аталатын дастаны. Бұл-аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы. Аяқталмауы өкініш. Мұнда Сұлтанмахмұт егеменді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкейкесті мәселелерді сол кезде-ақ – 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп, тағдыр кермесіне ілінген ақын! «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын», - деп, «Айтысты» тәмәмдай алмағанын зор өкініш етіпті.

    С.Торайғыров қайтыс болғаннан кейін, советтік заманда- 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын Бернияз Күлеев бастырған «Адасқан өмір» және 1933 жылы Қызылордада шыққан «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының толық шығармалар жинағы» кітаптарында жарияланды.

      1933 жылы ақын жинағын Жүсіпбек Аймауытов баспаға дайындады. «Сұлтанмахмұт өлген соң (1920ж) оның шығармаларын он жыл бойы жинап – теріп, баспаға әзірлеп, өмір тарихын жазған Ж.Аймауытовтың еңбегі айрықша екенін баса айту керек. Жүсіпбек болмаса Торайғыровтың толық жинағының шығуы, оның толық өмір тарихын білуіміз неғайбыл еді.»,-дейді Қайым Мұхамедханов. Поэманы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1922 және 1933 жылдары жинақтары бойынша баспаға дайындаған – филология ғылымдарының кандидаты Арап Еспенбетов. С.Торайғыровтың кейінгі жылдары шыққан екі жинағында да (1950 және 1957) елеулі кемшіліктер кездеседі. Біріншіден, жазушының қолжазбалары жоғалып кеткенін сылтау етіп, тиянақты ешбір текстологиялық жұмыс жүргізілмей келген. Екіншіден, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчестволық өмірбаянын жазуда да ауыз толтырып айтарлықтай ізденулер мен жаңадан тапқан жөнді деректер болмаған.

    1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін! – деп жазды. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен, тұлпар талант еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

      Павлодар қаласында қасиетті қара шаңырақ Павлодар мемлекеттік университеті және облыстық кітапхана  С.Торайғыров атымен аталады. Сол қалада Торайғыров көшесінде ақынға арналған ескерткіш орнатылған.
Баянауылда С.Торайғыровтың құрметті есімімен аталған «Торайғыр көлі» бар екені барлығымызға мәлім. Сол көлдің маңында Торайғыр ауылы орналасқан.

 

Кітапхана қорындағы

ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары:

 

  1. Торайғыров,  С. Таңдамалы шығармалар [Мәтін]: поэзия / С.Торайғыров.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957.- 398 б.
  2. Торайғыров,  С. Сарыарқаның жаңбыры [Мәтін]:

           екі кітап / С. Торайғыров.- Алматы: Жазушы, 1987. 1 кітап.: өлеңдер.-160 б.

  1. Торайғыров, С. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / С. Торайғыров.- Алматы: Ғылым, 1993.- 1-том.-280 б.
  2. Торайғыров, С. Шығармалар жинағы [Мәтін] / С. Торайғыров.-Алматы: Өлке, 2012.-488 б.
  3. Торайғыров, С. Қамар сұлу [Мәтін]: романдар, поэмалар, өлеңдер / С. Торайғыров.-Алматы: Атамұра, 2002.-240 б.
  4. Торайғыров, С. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / С. Торайғыров.-Алматы: Жібек жолы, 2002.- 1 т.- 176 б.
  5. Торайғыров, С. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / С. Торайғыров.-Алматы: Жібек жолы, 2003.- 2 т.- 256 б.
  6. Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін] : он томдық.- Алматы : Қазақпарат, 2006.- (Мәдени мұра).

          6 т. : XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті (1900-1917) /  ред.: А. Егеубаев, Ж. Ысмағұлов.- 2006.- 609 б.

  1. Торайгыров, С. Стихи и поэмы [Текст]: сборник / С. Торайгыров ; пер.с каз.- Алма-Ата: Жазушы, 1989.- С.253

 

 

 

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме! Қалмүқан Исабаевтың "Жұмбақ үй" деген әңгімелер жинағы бар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Жанболат сіздің сұранысыңыз бойынша кітапханамызда Қалмұқан Исабаевтың бар кітаптарының тізімін ұсынып отырмыз, өтінішке орай нақты Сіздің сұранысыңыз бойынша "Жұмбақ үй" атты әңгімелер жинағы жоқ екенін хабарлаймыз. 

Исабаев Қалмұқан

Шығармалар:

1. Исабаев, Қ.

Сұңқар самғауы [Мәтін] : роман / Қ. Исабаев.- Алматы: Жазушы, 1966.-

144 б.

2. Исабаев, Қ.

Соңғы ерлік [Мәтін] : деректі повесть / Қ. Исабаев.- Алматы: Жазушы, 1971.-224 б.

3. Исабаев, Қ.

Өрде [Мәтін] : роман / Қ. Исабаев.- Алматы: Жазушы, 1978 .-264 б.

4. Исабаев, Қ.

Серт [Мәтін] : роман / Қ. Исабаев.-Алматы: Жазушы, 1981.-192 б.

5. Исабаев, Қ.

Арна [Мәтін] : роман / Қ. Исабаев.- Алматы: Жазушы, 1984.-320 б.

6. Исабаев, Қ.

Соңғы тәсіл [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Қ. Исабаев.- Алматы: Жазушы, 1984.-430 б.

7. Исабаев, К.

Мұндайлар болған [Мәтін] : повестер / Қ. Исабаев.- Елорда: Астана, 2003-232 б.

Сұрақтың мәтіні:

Шет өңірінің тумасы соғыс ардагері Мұқажан Ақажанұлының өмірбаяны мен газет беттеріне шыққан мәліметтері электронды көшірме (PDF) түрінде болса керек еді.

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Аялы!

Сіздің сұранысыңыз бойынша Шет ауданының тумасы, соғыс ардагері Мұқажан Ақажанұлының өмірбаяны мен газет беттеріне шыққан мәліметтерін электронды көшірме (PDF) түрінде жіберілді.

 http://shetlibrary.gov.kz  осы сайттың сол жақ бетінің «Өлкетану – Ардагерлер»  бөлімдерінің ішінде Мұқажан Ақажанов туралы қосымша мәлімет алуға болады.

Ақажанов Мұқажан

Өмірбаян

Ғасыр жасаған ардагер
Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқажан АҚАЖАНОВ 1914 жылдың 15 тамызында Қызылту болысында дүниеге келген. Әкесі Ақажан ескіше оқыған сауатты адам болған. Баласының хат танып, білім алуына бар жағдай жасаған.
Сол жылдары өңірде ешқандай білім ошақтары болмағандықтан, Мұқаңды 1927 жылға дейін төте жазуға әкесі өзі оқытқан екен. Алайда, 1928 жылы кәмпеске (конфискация) науқаны басталып, сол ағымға Ақажан молланың да отбасы ілінген. Еңбек жолын Мұқажан Ақажанов 1929 жылы Ақтөбе ұйымында (қазіргі Ақтөбе ауылы) жаяу пошташы болып бастайды. 1931-1932 ашаршылық жылда­ры Ақтөбе ұйымының халқын қажетті азық-түлік, киім-кешек және басқа да тұрмыстық құрал-жабдықтар­мен қамтамасыз ететін қызметті басқарды. Қарамағында сегіз ат шана мен ат арба және он алты адам болған.
1932 жылы Мұқаңның басшылы­ғымен Ақтөбе ұжымына қарасты жерде тек қол күшімен біршама егін салынды. Жалғыз ат соқамен және күрекпен жер өңделіп, қол тырмамен малаланып, сол жылдың күзінде бұрын-соңды болмаған астық алынды. Осы астықтың арқасында өңірдегі ашаршылықтың беті едәуір қайта бастайды және келешекке біршама тұқым қоры құйылды. 1934 жылдың мамыр айында аудан басшылығы Мұқаң атаны «Нұраталды» кеңшарының «Алабұға» бөлімшесіндегі сүт өң­деу шағын өндірісіне басшылық ету­ге жіберді. 1935 жылы сол өңір­де жаңадан ашылған «Комсомол» фер­масын басқаруды жүктей­ді. Ал, 1936 жылы Балқаш кен байыту ком­бинатының қосалқы «Қызыл­тау» шаруашылығының «Түлкілі» фер­масының жетекшілігіне жоғарыла­тады. Осында ол 1939 жылға дейін, яғни, қызыл әскер қатарына шақы­рылғанға дейін қызмет атқарды.
1939 жылдың қазан айында қызыл әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеу уақыты Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс болғандықтан, еліне 1946 жылдың мамыр айында оралған. Сұрапыл соғыс жылдары Кеңес Одағының Қиыр Шығыс әскери округінде Комсомольск қала­сының іргесіндегі арнайы бөлім­де шекарадағы әскери барлау бағы­тындағы жауапты қызметте болған. Сол соғыс жылдарындағы оқиғалардың бірін Мұқаң ата есіне түсіріп, былай дейді: «Екі ай карантин біткеннен кейін барлық жауынгерлер сапқа тұр­ғызылып, полк командирі Мұхам­бетжан Айтжанов деген полковник келді. Ол бірден сапқа қарап тұрып: «Қазақстаннан Қарағанды қаласынан жауынгерлер бар ма?» деп сұрады. Рота командирі: «Бар, ол – Мұқажан Ақажанов» деді. Мен саптан шықтым, полк командирі жаныма келіп, Қарағандының қай жерінен екенімді, әке-шешем, туған-туысқандарымның арасында саяси сотталғандар бар ма деген сұрақтар қойды. Одан кейін ол өзі Теміртаудан екенін айтып, маған құпия бөлімшеге қарасты арнайы бөлімде боласың деді. Осыдан кейін мен бірінші арнайы бөлімде алғашқыда командир орынбасары, кейіннен командир болдым.
1945 жылы біз Амур өзенінің жағалау­ында шекара күзетінде бол­дық. Қа­рамағымда 9  жауынгер және бір орынбасарым болды. Ұзындығы бір шақырымдай траншея қаздық. Басқа әскери бөлімшелер тылдан біздің траншеяға дейін жер астымен байланыс жасады. Тамақ, киім-кешектер осы жер астымен біз­ге жеткізіліп тұрды. Шекарада талай жапон тыңшыларын кейін қайтарып отырдық. Осы кезде жапон әскерлері жарылғыш заттармен өз-өздерін жарып жібергенін талай көрдік. Оларды бірден  шекараға та­қалтпай, снайперлермен атып отыр-дық. Күніне кезектесіп 2-3 сағат қана  ұйықтаған кездер болды.
Бір күні таңның ататын уақытында дүрбімен кезекті тексеру кезінде Амур өзенінің жағасында қозғалған жанды байқап қалдым. Күзеттегі бес адамның үшеуін алып, үстімізге маскировка киімдерді киіп, өзенге қарай барлауға кеттік. Өзенге жарты шақырым қалған кезде жапон барлау­шысы бізді байқамай, бірден қолға түсті. Ол кенеттен ұсталғанынан өз-өзін жаруға үлгермеді. Оны байлап, бөлімшеге әкеліп, офицерлерге тапсырдық. Ұстағанымыз жапон әс­керінің барлаушысы болғанын және одан құпия ақпараттар алынғанын рота командирінен естідік. Соғыстың соңына дейін осы шекарада болдық.
Соғыста жеңіске жеткеннен кейін, Мәскеуден офицер келіп, маған Генералиссимус И.Сталинннің қолы қойылған арнайы грамота және 150 000 сом ақшалай сыйлық, орынбасарыма 100 000 сом тапсырды. Ал, қарамағымдағы жауын­герлеріме ресми алғыс айтылды».
Соғыстан кейін 1947 жылдың қаңтар айынан бастап 1949 жылдың қазанына дейін Мұқаң ата аудандық тұтыну одағы (Райпотребсоюз) меке­месінде ревизор болып, азаматтық қызметін қайта жалғастырды. Одан кейін сол мекемеде қойма мең­геру­шісі, 1950-1956 жылдар ара­лы­ғында Шет аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары қыз­метінде болды. 1956-1960 жылдар аралығында «Орталық аудандық ау­рухана», ал, 1960-1974 жылдар ара­лығында «Аудандық коммуналдық шаруашылығы» мекемелерінде шар­уа­шылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1974-1977 жылдары «Кеншоқы» кең­шарында бас шопан болып  жұмыс  атқарды. 1977 жылы зейнеткерлікке шыққан. Бірақ, «Орталық аудандық аурухана» мекемесінің басшылығы Мұқаң атаның мол тәжірибесін және жауапкершілігін бағалап, 1977 жылы бұрынғы шаруашылық меңгерушісі қызметіне қайта шақырады. Зейнет­керлікте бола тұра, Мұқаң ата осы қызметті он жыл, яғни, 1987 жылға  дейін абыроймен  атқарды. Өндіріс­тегі жоғарғы көрсеткіштері үшін Мұқаң ата аудандық, об­лыс­тық кәсіп­­одақ ұйымының бір­неше дүркін жеңімпазы атанып, Мақ­тау грамот­алары және бағалы сый­лық­тарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысындағы Мұқажан Ақа­жа­нов атаның көрсеткен ерліктері лайықты бағаланды. «Отан соғысы» орденімен, «Георгий Жуков», «Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін», «Соғыс ардагері» медальдарымен және Ұлы Жеңіске арналған мерейтой медальдарымен, Украина мем­лекетінің арнайы медалімен, «Астана қаласына – 10 жыл» медалімен, көптеген Құрмет грамоталарымен ма­рапатталған. Жүзге келген қарт май­дангер шежірелі Шет өңірінде ғиб­ратты өмір кешіп, ауданның да­муы­­на үлес қосқан. Бүгінде екі қызы­нан төрт немере, үш шөбере сүйіп отыр.

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Ысқақ, А. Ардагермен кездесу өткізілді [Мәтін] / А. Ысқақ // Шет шұғыласы.- 2013.- 9 мамыр (№19).- 4 б.
  2. Жұмабеков, Б. Ғасыр жасаған ардагер [Мәтін] / Б. Жұмабеков // Орталық Қазақстан.- 2015.- 11 сәуір (№58-59).- 4 б.
  3. Жосалбай, С. Әділдікті, батырлықты ту еткен ардагер [Мәтін] / С. Жосалбай // Шет шұғыласы.- 2013.- 9 мамыр (№19).- 5 б.
  4. Жұмкеұлы, Б. Жүзге келген майдангер [Мәтін] / Б. Жұмкеұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 16 тамыз (№154-155).- 4 б.
  5. Дәулетбекұлы, М. Қарт жауынгер – 100 жаста [Мәтін] / М. Дәулетбекұлы // Шет шұғыласы.- 2014.- 21 тамыз (№33).- 1 б.
  6. Түсіпханова, Б. Мұқажан атамен кездесу [Мәтін] / Б. Түсіпханова // Шет шұғыласы.- 2015.- 9 сәуір (№14).- 5 б.
  7. Жұмабеков, Б. Соғыста 150 мың сом сыйлық алған [Мәтін] / Б. Жұмабеков // Президент және Халық.- 2015.- 3 сәуір (№14).- 4 б.

 

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме, Сіздер де ақын Тезекбай Амандықұлының 2017 жылы Шет шұғыласы газетіне шыққан өлеңдері барма, болса электронды (PDF) түріндегі көшірмесін жолдай аласыздар ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Манара!

Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын Тезекбай Амандықұлының 2017 жылы Шет шұғыласы газетіне шыққан өлеңдерін электронды (PDF)  көшірме түрінде жіберіп отырмыз және осы мәлімет сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

http://shetlibrary.gov.kz  осы сайттың басты бетінің оң жағында Шет шұғыласы газетінің баннері орналасқан, сол арқылы Шет шұғыласы газетінің нұсқаларын оқи аласыз және де сол жақ бетінің «Өлкетану – Ақындар» бөлімдерінің ішінде Тезекбай Амандықұлы туралы қосымша мағлұмат алуға мүмкіндіктер бар.

 

Амандықұлы Тезекбай

Мерзімді басылым беттерінде:

Амандықұлы, Т. Жыр дәптерінен [Мәтін]: Т. Амандықұлы // Шет шұғыласы.-2017.- 12 қаңтар (№02).-12 б.

Сұрақтың мәтіні:

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде Д.Исабековтың "Гаухартасы" бар ма?

Жауап:

 Сәлеметсіз бе, құрметті Ақсауле. Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапханамызда Дулат Исабековтың "Гауһар тас" повесінің жаңа нұсқадағы кітабы оқырман қолында, кітапханамызда 1993 жылғы нұсқасы бар.

Исабеков Дулат

Шығармасы:

Исабеков, Д.

Екі томдық таңдамалы шығармалар [Мәтін] : / Д. Исабеков. 1 т.: повестер.-Алматы:  Жазушы, 1993.- 544 б.

Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы арқылы, яғни www.kazneb.kz сілтемесі арқылы электронды түрде де оқи аласыз.

 

Жаңалықтар таспасы rss
18.06.2020

«Дабылды жырдың дауылпазы»

...

Құрметті оқырман назарларынызға Қасым Рахымжанұлы Аманжоловқа арналған «Дабылды жырдың дауылпазы» тақырыбында бейне сюжет ұсынылады.

Толық

15.06.2020

"Құқық - өмір айнасы"

...

Құрметті оқырман назарларыңызға "Құқық - өмір айнасы" атты бейнеролик ұсынамыз.  

Толық

11.06.2020

"Дара тұлға"

...

Құрметті оқырмандар! Назарларынызға Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған "Дара тұлға" атты бейнеақпарат ұсынамыз.

Толық

08.06.2020

"Бір ел – бір кітап" акциясы

...

Құрметті оқырман!Назарынызға "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша "Шоқтығы биік тұлғалар" тақырыбында кітап көрмесіне шолу ұсынамыз.Жыл…

Толық

04.06.2020

«Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық мен үшін»

...

Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Ұлағат» қазақ тілі…

Толық

Көп оқылған беттер
22.06.2015

... «Мен кітапханаларды білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев

Толық

24.07.2015

... Кітапхана құрылымы

Толық

08.02.2016

... Күйшілер

Толық

23.07.2015

... Мерзімді басылымдар - 2017 жыл

Толық

04.08.2015

... Басылымдар патшалығы

Толық

27.07.2015

... Шет аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Толық

Интерактивтік сұрақ

Шет өлкесінің ақын – жазушыларының шығармаларын оқисыз ба?






Нәтижелер



Яндекс.Метрика

gif