Наверх
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ
СИСТЕМА ШЕТСКОГО РАЙОНА»

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

...

Тұңғыш Президент  Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында:  «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Осыған орай аудандық орталықтандырылған кітапханасында 21 қараша күні «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» деген тақырыпта еркін форматтағы кездесу кеші болып өтті.

Кешке арнайы шақыртылған қонақтарға кітапхана директоры М.С. Нурпеисова жүрек жарды лебізін білдіріп, биік белестерді бағындыруларын тіледі.

Кітапханашы Н.Балдақова «Жастар-алтын қорымыз», «Жастар-ел тірегі» атты кітап көмесімен таныстырды. Кешке ауылымызыдың жастары, жас спортшысы Бейімбет Қанжанов, жас кәсіпкерлер Феруза Кейкина, Қарақат Қанатбекова, Жанерке Сезімхан арнайы шақыртылды.

Іс-шара М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңіне түсірілген бейнебаян көрсетумен басталды.

Жастық шақтан өтіп, аға буынға жеткен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Кипр мемлекетінің Лимассол қаласында өткен самбо күресінен ардагерлерардагерлер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, күміс жүлдеге қол жеткізген чемпионымыз, кешке арнайы шақыртылған қонағымыз Сағындық Қанат Амантайұлы артынан еріп келе жатқан жастарға ағалық ыстық ықыласымен тілегін білдірді.

Шара барысында қонақтарымыздың еңбектерінен үзінді көрсетіліп, әңгіме жүргізілді. Ой сергіту мақсатында «Логикалық сұрақтар» атты ойын ойнатылды. Кеште кітапхана жұмыскері Д.Молдабеков «Өз елім» әнін орындап кештің ажарын аша түсті. Келген конақтардың арасынан «қонақ кәде» сұралып, жас тігінші Сезімхан Жанерке ән шырқап өзін әншілік қырынан көрсетті.

Кеш соңында кітапхана директоры М.С. Нурпеисова әлем чемпионы Сағындық Қанатты жеңісімен құттықтап, кітапхана ұжымы атынан «Алғыс хат» және естелік сыйлық табыстады. Шараға келген қонақтардың барлығына кітапхана ұжымы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Кеш өте қызықты болып өтті.

 

 

 


Количество посещений: 1062

Лента новостей rss
11.12.2019

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

...

11 желтоқсан күні Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»…

Подробнее

28.11.2019

«Жаһандық ауқымдағы тұлға» атты оқырмандармен онлайн конференция өткізілді.

...

Тұңғыш Президент күніне орай Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінің №4 филиалының ұйымдастырумен 1 желтоқсан…

Подробнее

21.11.2019

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

...

Тұңғыш Президент  Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс…

Подробнее

15.11.2019

«Ұлттық валюта-теңге күні»

...

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен «Ұлттық валюта-теңге күні»…

Подробнее

14.11.2019

«Бір ел - бір кітап»

...

14 қараша «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша аудандық кітапханада «Бизнес бастау» жобасының тыңдаушыларымен Әбділдә Тәжібаев…

Подробнее

Популярные страницы
22.06.2015

... Главная

Подробнее

24.07.2015

... Структура библиотеки

Подробнее

04.08.2015

... Журнальное царство

Подробнее

23.07.2015

... Периодические издания - 2015 год

Подробнее

08.02.2016

... Куйшилер

Подробнее

27.07.2015

... Шетская центральная районная библиотека

Подробнее

Интерактивный опрос

Из какой области предпочитаете чтение книг?






Результаты



Яндекс.Метрика

gif